Гүржі Елінен – қола медальмен - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Алаштың абыройы Грузия төрінде тағы бір мәрте асқақтады. Айдарынан жел ескен Айсұлтан Арқаға Сакартвело елінен қола медаль әкелді. Кәрібай қарттың немересі, Ерсін әкенің ерке оғланы Әлемнің 30 елінен қатысқан жас ғалымдардың халықаралық олимпиадасында мойны озып, мәреге үшінші жетті!

Жуырда Грузияның астанасы Тбилисиде «International yound inventors project olimpiad» атты халықаралық олимпиада өтті. Айтулы додаға әлемнің 30-ға тарта мемлекетінен 300-ден астам жас ғалымдар қатысқан. Бүгінгі таңда іргелі оқу ордасының бірегейі С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің шәкірті Айсұлтан Кәрібаев аталмыш бәйгеге «Кескіндерді ортогональді құрудың әдістері» атты жоба ұсынған болатын. Ақтық сында Арқаның абыройын асырып, Айсұлтан оқ бойы озық келеді. Математика пәні бойынша өткен олимпиадада жобасын ағылшын тілінде қорғап, ел-жұртқа орасан олжа салды. Сонымен қатар, Айсұлтан биылғы өтетін ҰБТ-ға қатыспастан, республикамыздағы кез келген жоғарғы оқу орындарының біріне, таңдаған мамандығы бойынша грантқа оқуға түсуге мүмкіндік алды.

Ұлағатты ұстаз Меруерт Тілеубайқызы баптап апарған талапты ұлдан алдағы уақытта әлі де толайым табыстар күтеміз.

Олжаң ортаймасын, оғлан!

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 256
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px