Гимнастика залы ашылды - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Гимнастика залы ашылды
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Көктемнің көркем мерекесі қарсаңында металлургтер мекені – Теміртау қаласында спорттық гимнастикамен шұғылдануға арналған мамандандырылған залдың ашылу салтанаты өткізілді.
Қаланың спортсүйер қауымын қуанышқа кенелткен жағымды жаңалықтың алғашқы куәгерлері қатарында Қарағанды облысы гимнастика федерациясының вице-президенті Владимир Неберт, конькимен жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар арасындағы Әлем чемпионы, қысқы екі Олимпиада ойындарының қатысушысы Екатерина Айдова, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ольга Бирюк, қалалық спорт клубының басшысы Қайрат Абдуллаев, балалар мен жасөспірімдердің гимнастика спорт мектебінің директоры Мадияр Көпжасаров және тағы басқалары болды.
Сала мамандарының мәлімдеуінше, Теміртауда 15 жылдан астам уақыттан бері балаларды гимнастикаға машықтандыратын секция болмаған екен. Енді, тұсаукесері өткен залда ақылы және ақысыз негізде бірнеше топтың спорттық гимнастика, сондай-ақ, акробатикамен шұғылдану мүмкіндігі бар. Оларға әдемі спорт түрінің қыр-сырын меңгерту ісімен Қарағанды және Теміртау қалаларындағы білікті маман-жаттықтырушылар айналысатын болады. Демек, араға аздаған уақыт салып барып, байрақты бәсекелерде бағы жанған теміртаулық чемпиондардың есімдерін естуіміз әбден мүмкін.
Салтанатты рәсім барысында қалың қауым гимнастика мен акробатика шеберлерінің өнерін қызыға тамашалады.

ТЕМІРТАУ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 279
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px