Көптен күткен жеңіс - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Көптен күткен жеңіс
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Жексенбі күні Қарағандыда оралдық «Ақжайықты» қабылдаған «Шахтер» клубы жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. «Шахтер» стадионында өткен ойында жерлестеріміз 3:1 есебімен қарсыластарынан басым түсті.

Кездесу алғашқы ә дегеннен қарқынмен басталды. Қарсыластар қос қақпа маңында қауіпті шабуылдар ұйымдастырумен болды. Алайда, матчтағы есеп 27-ші минутта ашылды. Шабуылшы Андрей Финонченконың көтерген бұрыштама добына босниялық қорғаушы Никола Василевич бірінші жетіп, баспен гол салды. 1:0.
Бірінші таймның қосымша уақытында «шахтерліктер» есепті еселеді. Алдымен Финонченко «Ақжайықтың» бірнеше қорғаушысын алдап өтіп, Мақсат Байжановқа пас шығарды. Ал, Байжанов допты оралдықтардың қақпасына жақындап қалған Деслей Уббникке дәл жеткізді. Өз кезегінде Уббник «Ақжайықтың» қақпашысын қапы қалдырды. 2:0.
Келесі гол 86-шы минутта соғылды. Шабуылға шыққан қонақтардан допты тартып алған қарағандылықтар қарымта шабуыл ұйымдастырды. Қарсыластың айып алаңына еніп үлгерген Уббник пен Байжанов алма-кезек доп алмасып, нәтижесінде, Уббник ашық қалған қақпаға теңбіл допты тоғытты. 3:0.
Матчтың қосымша уақытында «Ақжайық» ойыншылары гол соғу мүмкіндігіне ие болды. Төреші Данияр Сахи «Шахтер» қақпасына айып добын белгіледі. Оралдық Мирослав Лечич біздің қақпаны дәл көздеді. 3:1. Сөйтіп, «шахтерліктер» Қарағанды жұрты көптен күткен жеңіске жетті.
Ел чемпионатының ХVІІ турынан кейін «Шахтер» 10-шы орында келеді. 4 ойында тең түсіп, 4 ойында жеңіске жетті. 9 кездесуде жеңіліс тапты.
«Шахтердің» келесі қарсыласы – «Атырау». Ойын 25 маусымда Атырауда өтеді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 559
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px