Кәрі құрлық кубогі – Португалияда - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Жексенбі күні төрткүл дүние бір ай бойы тамашалаған Франциядағы футбол мерекесі тәмамдалды. Португалия – Еуропа чемпионы. Фернанду САНТУШТЫҢ шәкірттері ақтық сында алаң қожайындарынан айласын асырды.

Көпшілік француздардың жеңісіне сенімді болды. Португалдықтардың айды аспанға шығарарын кім біліпті?! Тартыспен өткен матчта олар жеңіс жалауын желбірете білді. Сөйтіп, тарихта тұңғыш рет Португалия құрамасы алтыннан алқа тақты.

Ойын басталғаннан-ақ француздар тізгінді қолға алып алды. Тоқсан минут бойы, овер-таймдарда да уыстан шығармады. Допқа иелік ету көрсеткіші бойынша француздар басымдық танытты. Португалдықтарды үнемі тықсырумен болды. Тіпті, 25-ші минутта Пайет секіріп келіп, Португалия құрамасының «серкесі» Криштиану Роналдуды жарақаттап, ойыннан шығарып тастады. Десе де, португалдықтар нағыз чемпионға тән мінез көрсетті.

Ойындағы жалғыз голды 109-шы минутта Эдер салды. Қақпаның төменгі бұрышына сұрапыл күшпен бағытталған допқа қақпашы Уго Льорис тосқауыл қоя алмады. Ал, кубокқа қолсозым қалғанда сүрінген француздар күміс медальді қанағат тұтты.

Еуропа чемпионатына алғаш рет қатысқан Уэльс құрамасы азуы алты қарыс немістермен бірге үшінші орынды бөлісті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2606
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px