Әлем чемпионаты – биік мәртебе - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Әлем чемпионаты – биік мәртебе
Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»
1-5 маусым аралығында елімізде көше баскетболы немесе стритболдан әлем чемпионаты (FIBA 3х3 U18 World Championships) өтеді. Астанада ұйымдастырылатын чемпионатқа әлемнің 30 елінен 200-ден астам спортшы қатысады.
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатына қатысқан ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев:  «Бүгінгі таңда стритболдың бұқаралық спорт түріне айналғанын ерекше атап өткен жөн. Оған қоса еліміздегі барлық мектеп аулаларында баскетболға арналған алаңдар бар. Чемпионаттың 18 жасқа дейінгі жастар арасында ұйымдастырылатынын ескерсек, кез келген мектеп оқушысы спорттық мансабын сол күннен бастауға мүмкіндік алады. Әсіресе, «FIBA»-ның (Халықаралық Баскетбол Федерациясы) аталмыш спорттық  шараны өткізу үшін Қазақстанды таңдағаны бізді қуантты. Бұл таңдау – әрбір жас қазақстандыққа ерекше серпін береді», – деді.
Ұлттық баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысовтың айтуынша, Қазақстан турнирге екі команда даярлап отыр.  Жарыста еліміздің жігіттер құрамасы Румыния, Индонезия, Италия және Катар командаларымен «С» тобында күш сынасатын болса,  қыздар құрамасы «В» тобында  Нидерланды, АҚШ, Италия, Польша командаларымен кездеспек. Қазіргі таңда спортшылар арасында  қызу дайындық жүріп жатыр.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 306
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px