Марафонда топ жарды - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Елімізде «Kazgeo Tengri Ultra Trail – 2016» халықаралық марафон жарысы өткен болатын. Марафон Алматы қаласы Тамғалы тас шатқалында, Іле өзенінің бойында өткен. Әлемде кең көлемде атқарылып келе жатқан, ал, біздің елімізде, міне, екінші мәрте өткізілген айтулы жарысқа Қарқаралыдан спортшы Думан БЕЙСЕНАЕВ қатысып, 35 шақырым қашықтықта ІІ орын иеленді.

Өз қашықтығын 3 сағат, 54 секундта жүгіріп өткен Думан суырылып алға шығып, мықты дайындығын паш еткен. Қыста шаңғыдан, жазда жүгіру, велосипедпен жүруден қол үзбейтін жерлесіміз менмін дейтін талай спортшыны шаң қаптырып, үздіктер қатарынан көрінген.

Орта Азияда, тек, Қазақстанда ғана өткізіліп отырған шараға Америка, Канада, Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Украина, Жаңа Зеландия, Германия, Ирландия және тағы да басқа мемлекеттерден 400-ден астам спортшы қатысқан. Оған кәсіпқой спортшылармен қоса, әуесқой адамдар да барған. Достық қарым-қатынас, салауатты өмір салты, еркін ойды ту еткен, мүддесі ортақ спортшылар бас қосқан жарыс жоғары деңгейде өтіп, ұмытылмастай әсер қалдырған. 

– Жарыста орын алмаған да қаншама адамның қуаныштарында шек жоқ, – дейді Думан. – Жарыстың ұйымдастырылу жағы, өткен жері, ойын-сауық түрлері – бәрі-бәрі көңілден шықты. Қаншама дос таптық. Дүниетанымымыз кеңейіп, көп әсер алдық. Енді, екі айдан кейін Ресейдің Алтай тауында әлемдік жарыс өтпек. Бұйыртса, сонда барып бағымды сынап көрмек ойым бар.

Сағыныш ӘБІЛОВА.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.  

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 318
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px