Облыс намысын қорғайды - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Облыс намысын қорғайды
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

«Қазақстан барысына» баратын апайтөс оғландар анықталды. Республикалық додада Арқа абыройын жаңаарқалық Асыл БӘРМЕНОВ пен нұралық Бекзат АХМЕТБЕКОВ қорғайтын болды.

Сенбі күні Қарағандыдағы «Жастар» спорт кешенінде қазақ күресінен «Сарыарқа барысы» облыстық турнирі өткен еді. Турнирге «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы «Ұлы Дала Елі» партиялық жобасы шеңберінде қолдау көрсетті. Дода облыс әкімдігінің, облыстық туризм, спорт және дене шынықтыру басқармасы мен облыстық қазақ күресі федерациясының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.
Шараның тұсаукесер рәсіміне «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова қатысты. Салтанат барысында ұлттық спорт ойындарының қоғамдағы патриоттық рухты тәрбиелеудегі маңызын ерекше атап өткен бірінші орынбасар кейінгі уақытта қазақ күресінің шетелдерде де кеңінен танылып келе жатқандығын айтты. Осы орайда, қазақ күресін дамытуға үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға партия атынан Алғыс хаттар тапсырылды.
Бәсекеде аудандық және қалалық деңгейдегі іріктеу кезеңдерінен өткен 250-ге жуық балуан белдесуге шықты. ҚР еңбек сіңірген бапкері, ҚР құрметті спорт қайраткері Диқанбай Биткөзов турнирге бас төрешілік етті.
Финалда Асыл Бәрменов пен Бекзат Ахметбеков кездесті. Қос қарсыластың кездесуі тартысты өтті. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмай, қосымша белдесу уақыты белгіленді. Нәтижесінде, Асылдың күші басым түсті.
Турнир шарты бойынша, аталған қос балуан «Қазақстан барысына» қатысатын болды. Және бір айта кетері, ел біріншілігінде облыс намысын үш балуан қорғауы бек мүмкін. Егер, Ержан Шынкеев Рио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алса, «Қазақстан барысында» іріктеусіз өнер көрсетпек.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 110
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px