Құралайды көзге атқан - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Сайысқа қатысатын мергендер көптеген елдің қару-жарағын заманауи мергендік мылтықтың үлгілерін қолданады.

 

– Биылғы жылғы жарыстың ер­ек­шелігі командалардың өз қару­ларымен келуінде болып отыр. Бұл қатысушылардың мүмкіндіктерін те­ңестіреді. Сонымен қоса, жарыстың барынша объективті болуы үшін төрелік ету жүйесін де өзгерттік. Осындай жарыстар мергендерге бірін-бірі білуге, қарым-қатынас жасауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді, – деді жарыстың бас төрешісі, полковник Равиль Жанұзақов.

Әрине, төртінші мәрте жалауын желбіреткен айтулы додаға алпауыт елдердің назар салуы да тегін емес. Бұл, ең алдымен, дәстүрлі сайыстың әділ, жоғары деңгейде өтетіндігінің бір белгісі. Сондықтан, шығарылған шешімде ақиқаттан алыстамауы үшін жыл сайын халықаралық бақылаушылар шақырылады. Мысалы, биыл Үндістан мен Түркия елдерінің азаматтары тартылған.

– Сайысқа қатысты өз ұсыныстарым мен тілектерімді әзірлеу үстіндемін. Күн сайын бақылау жасап, көрген-білгенімді қағазға түртіп отырмын. Бұл жазбаларымды сайыс соңында ҚР Қорғаныс министрлігіне жолдайтын боламын. Ал, қатысушыларға келетін болсақ, барлық мергендер өте жоғары деңгей көрсетіп жатыр. Басқалай болуы да мүмкін емес еді, – дейді Үндістаннан келген халықаралық бақылаушы, полковник Рагап Сингх.

Жарыстың мақсаты – түрлі үлгі­дегі кәсіби тәсілдерді орындау әдіс­терін жетілдіру, мергендердің дене төзімділігін, шыдау мүмкіндіктерін анықтау, психологиялық, сондай-ақ, атыс және далалық машық деңгейін анықтау. Дәлдеп атудың шеберлері 5 күн бойы түрлі қашықтықтағы нысаналарға атудан, жылдам атудан, бүркемелену машықтары мен ойлы-қырлы жерлерді бағдарлаудың үздігі атану үшін күресетін болады.

– Сайысты осынша жоғары деңгейде өт­кізіп жатқан ҚР Қорғаныс министрлігіне зор алғысымды білдіргім келеді. Біз мұнда өзге елдердегі әріптестеріміздің ұзақ қашықтыққа ататын қаруды қалай қолданатынын бақылап, тәжірибе жинақтап жат­қанымызды да жасырмаймын. Бұл сайыстың басты мақсаты да сол емес пе? Ауа райы да өте қолайлы. Шеберліктерімізді шыңдауға бар жағдай жасалып жатыр, – деді пәкістандық аға мерген Мұхаммад Насимхан.

Естеріңізге сала кетейік, қазақс­тандық мергендер бұған дейін өткізілген додалардың барлығында бас бәйгені бермей келген еді. Бұл жолы да солай болсын деп тілейік.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 881
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px