Римма Риоға дайындалуда - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Риодағы Жазғы Олимпиаданың басталуына бір айдан астам уақыт қалғанда тағы бір қарағандылық бойжеткен жолдамаға қол жеткізді. Жеңіл атлет Римма КАШАФУТДИНОВА 100 метр қашықтықта олимпиадалық көрсеткішті орындады.

Бұл жарыс Алматыда өтті. Олимпиада жолдамасын ұтып алу үшін 100 метрді 11.32 секунд ішінде жүгіріп өту керек еді. Римма 11.31 секундта мәре сызығын кесті. Сөйтіп, Бразилияға баратын құрама сапына қосылды.

Римма 1995 жылы дүниеге келген. Сәтбаев спорт мектебінің түлегі. Білікті бапкерлер – Татьяна Дударь мен Владимир Конниктің қарауында жаттығып жүр. Осы уақытқа дейін 20 мәрте ел чемпионы атанған. Алматыдағы жарыста халықаралық дәрежедегі спорт шебері көрсеткішін орындады.

Риодағы Олимпиадада 100 метр қашықтықта ел намысын қорғайды. 400 метрлік эстафетаға да қатысып қалуы бек мүмкін.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 708
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px