Салмақты ұстаным - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Салмақты ұстаным
Жақында А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінде оқу орны басшылығының қолдауы, колледждің дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйытқы болуы негізінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 1999-2001 жылдары туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық деңгейдегі дәстүрлі «Жас барыс» біріншілігі өткізілді.
Сегіз салмақ дәрежесі бойынша, жанкүйерлердің бағамдауында, өте әділ өткен бәсеке нәтижесінде бағы мен бабы қоса жанған білекті балуандар жеңіс тұғырына көтерілді. Айталық, 42 келі салмақта Н.Ақбалтаев (Шахтинск қаласы), 46 келі салмақ дәрежесінде С.Мейірханов (Саран қаласы), 51 келі салмақтағы балуанда арасында Х.Хундызбай (Сұрыптау кенті), 57 келідегі бәсекеде А.Абдухаликов (Теміртау қаласы) әріптестерінен үстем түсті. Сондай-ақ, 64 келі салмақта Н.Әлімханов (Абай ауданы), 72 келіде У.Рахметолла (Қарағанды қаласы), 81 келі салмақ бойынша Б.Тұрсын (Шахтинск қаласы) және 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде И.Елесеев (Абай ауданы) шымырлық танытты.
Ә.ҚОЙШЫМАНОВ,
А.Құнанбаев атындағы гуманитарлық-техникалық  колледжінің
 оқытушысы.
САРАН қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 426
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px