Үш ұпай – «Ақтөбеде» - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Премьер-лига ойындары аясында ақтөбелік «Ақтөбені» қабылдаған «Шахтер» үш ұпайды қонақтардың қанжығасына байлап жіберді. 

Матч басталғанынан кеншілер допқа иелік етіп, жиі-жиі шабуылдарға шықты. Ақтөбеліктер қарымта шабуылдармен есеп ашуға тырысты. Нәтижесінде, 8-ші минутта «ақтөбелік» Дидар Жалмұқан қақпаны дәл көздеді. 0:1. Бұдан кейін де шабуылдарды күшейткен қарағандылықтар қорғанысты ұмытты. 38-інші минутта алаң қожайындарының қателігін пайдалана білген «ақтөбелік» Тоқтар Жаңғылышбай қақпашымен бетпе-бет келіп, Ярослав Багинскийден айласын асырды. 0:2.

Ойынның 78-ші минутында «Шахтер» сапындағы Айбар Нұрыбеков дөрекі ойыны үшін екінші ескертуін алып, алаңнан қуылды. Бірақ, «шахтерліктер» қатары кеміп қалса да, шабуылды азайтпады. Десек те, біздің шабуылшылар сол күйі қақпашы Отарбаевтың осал жерін таба алмады.

Райымбек ҚОЙШЫБЕКОВ,

ҚарМУ журналистика бөлімінің

І курс студенті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 212
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px