Шаршы тақтаның шебері - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Шаршы тақтаның шебері

Нұрқанат ҚАНАФИН,

«Орталық Қазақстан»


Жуырда Семей қаласында ардагерлер арасында 64 шаршылы дойбыдан ел чемпионаты өтті. Біріншілікте елу жастан асқан ойыншылар дойбы ойынының түрлі әдістері бойынша мықтылық байқасты.

Қарағандылық Берікбай Рысбеков «классика» әдісі бойынша биіктен көрініп, І орынға ие болды. Сонымен қатар, Берікбай Қарымсақұлы «Рапид» номинациясында күш сынасып, ІІ орынды олжалады. Осы тұста айта кетері, «Рапид» номинациясында ойыншыға бір партияны ойнау үшін небары жеті минут беріледі.

Берікбай ағамыз мұның алдында да топ жарған еді. Ұлы Жеңіс күні мейрамына орай ұйымдастырылған Қарағанды қалалық дойбы жарысында І орынды қанжығаға байлаған-ды.


Суретте: жарыс жеңімпазы Берікбай Рысбеков.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 309
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px