Шымкенттегі жеңіліс - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Қазақстан Премьер-Лига­сы­ның Х туры аясында Шымкентте өткен «Ордабасы» мен «Шахтер»  арасындағы кездесу алаң қожайын­дарының пайдасына шешілді.

Кездесуде «ордабасылықтар» ой­ын тізгінін алғашқы минуттардан-ақ өз қол­дарына алды. Қорғанысқа көңіл бөлген кеншілер қарымта шабуылдар ұйымдастыруға тырысты. Алайда, ойынның 22-ші минутында қарағандылықтар қателікке бой алдырып, «Ордабасы» пайдасына 11 метрлік айып добы белгіленді. Бұл пенальтиді команда капитаны Азат Нұрғалиев орындап, есеп ашты. 1:0.

Матчтың 47-інші минутында «орда­басылықтар» есепті еселеді. Шабуылшы Касалицаның оң жақ қапталдан айып алаңына асырылған пасына Еркебұлан Тұңғышбаев алғашқы болып жетіп, Ярослав Багинскийдің қақпасын дәл көздеді. 2:0. Осы есеп ойын соңына дейін сақталды.

Тур қорытындысында, үш ұпайды еншілеген «Ордабасы» 17 ұпаймен ІV орынға тұрақтаса, ал, «Шахтер» қоржындағы 9 ұпаймен 8-ші орынға орналасты.

 

Райымбек ҚОЙШЫБЕКОВ,

ҚарМУ журналистика бөлімінің І курс студенті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 154
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px