Шын мықты сында танылар - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Шын мықты сында танылар

Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»
Жуырда ҚарМУ-дің дене шынықтыру және спорт факультетінің базасында алғашқы әскери даярлық пәнінен VIII республикалық олимпиада өтті.
Пәндік олимпиаданы ұйымдастырушы – алғашқы әскери даярлық кафедрасы. Додаға еліміздің барлық университеттерінің командалары қатысты.
Сайыскерлер үш кезеңде бәсекеге түсті. Алғашқы турда тест тапсырып, білімдерін тексерсе, екінші кезеңде викторина ойындарында біліктілік байқасты. Ал, соңғы кезеңде әскери-спорттық эстафетада күш сынасты. Мұнда автоматты бұзып-жинау, бауырымен жүріп, кедергілерден өту, кедергілер арқылы жүгіру, мылтықтан оқ ату, газтұтқыш кию, алғашқы медициналық көмек көрсету сындарында жарысты.
Екі күнге созылған жарыс соңында жеңімпаздар анықталды. Сайыс қорытындысы бойынша ҚарМУ құрамасы І орынға көтерілді. ІІ орынды Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты олжаласа, ІІІ орынды Тараз мемлекеттік педагогикалық институты мен Жетісу мемлекеттік университеті өзара бөлісті.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 114
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px