Тең есеппен тарқасты - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Бұл матчқа қарағандылықтар сапынан бірнеше мәрте «сары қағаз» иеленген Деслей Уббник қатыспады. Тәжірибелі Андрей Финонченко да көрінбеді. Есесіне, жас футболшылар – Айбар Нұрыбеков пен Игорь Пикалкин алғашқы минуттардан ойынға қосылды.

Ойында есеп ашылмады. Қарсыластар тең өнер көрсетті. Қос тарапта да гол соғу мүмкіндіктері болды. Алайда, қақпаға бағытталған соққыларды бірде қақпашылар қайтарса, бірде қорғаушылар тосқауыл қоя білді.

Ойынның соңына таман «шахтерліктер» кездесу тізгінін атыраулықтардың қолына беріп, тек, қорғанысқа ғана көңіл бөлді. Гол соғудың емес, гол өткізбеудің қамын ойлады. Нәтижесінде, ойын «құрғақ есеппен» тәмамдалды.

Қазір «Шахтер» турнир кестесінің 10-шы сатысында. Қоржында – 17 ұпай. 11-12-ші орындардағы «Ақжайық» пен «Таразда», тиісінше, 11, 10 ұпайдан. Ал, көш бастап келе жатқан «Астананың» 44 ұпайы бар.

«Шахтердің» ендігі қарсыласы – «Тараз». Ойын 2 шілдеде Қарағандыда өтеді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 765
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px