Толағайлардан – тәлім - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Толағайлардан – тәлім
Наурыз мейрамына орай отандық белгілі спортшылар қарағандылық бүлдіршіндерге қонаққа келді. С.Сәпиев атындағы бокс орталығында ауыр атлетикадан ел чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері Евгений ЕВСТАФЬЕВ пен ауыр атлетикадан Қазақстанның абсолютті чемпионы, Қарағанды облысы бойынша аға бапкер Иван СНЕГУРОВТЫҢ қатысуымен Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік кеш өтті.
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»


Шараға республикалық ауыр атлетика федерациясы мен облыстық бокс федерациясы ұйытқы болды. Теміртау қаласындағы «SOS» балалар ауылынан, Кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығы және Осакаров ауданындағы Литвин балалар үйінен, барлығы – 350 тәрбиеленуші спортшылармен кездесуге мүмкіндік алды. Мұнда балалар концерттік-ойын бағдарламасына қатысып, өздері дайындаған би композицияларын көрермен назарына ұсынды. Астатөк дастарқаннан дәм татып, мазмұнды концерт-шоуды тамашалады.
Өз кезегінде балалар мен олардың ұстаздары ұйымдастырушыларға деген ізгі лебізін білдірді.
Бауыржан АҚМАҒАМБЕТОВ, Лит­вин балалар үйінің директоры:
– Федерация бізге ұдайы қамқорлық танытып келеді. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында теледидар, жерсеріктік антенна сынды бағалы сыйлықтарды тарту еткен еді. Енді, арнайы шақырып, дастарқан жаюда. Бұл – балаларды қоғамға бейімдеуде үлкен роль атқарады деп ойлаймын. Біз есімі әйгілі спортшыларды өнеге ете отырып, жеткіншектерді үлкен белестерге бағдарлаймыз.
Ауыр атлетика федерациясы спорт жұлдыздарының қатысуымен мерекелік кештер өткізуді дәстүрге айналдыруда. Мәселен, 2014 жылдан бері Серік Сәпиев, Илья Ильин, Майя Манеза, Вячеслав Ершов, Светлана Подобедова және Маргарита Елисеева балалармен кездесу өткізді.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 231
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px