Жекпе-жек – жігітке тән өнер - Спорт - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Жекпе-жек – жігітке тән өнер
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, Нұра ауданында аудан әкімінің жүлдесі үшін жекпе-жек өнерінің НОМАД ММА түрі бойынша турнир өтті.

Республикалық деңгейде өткен додада Қарағанды, Астана, Алматы, Қостанай, Семей, Орал, Балқаш қалаларынан келген 162 спортшы күш сынасты. Жарыстың ашылу салтанатына еркін күрестен КСРО спорт шебері, ҚР еңбегі сіңген бапкері, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, НОМАД ММА жекпе-жек түрінің негізін салушы Сергей Ан қатысты. Нұра ауданы бойынша аталмыш спорт түрін дамытуға төрт жылдан бері елеулі үлес қосып жүрген Баһадүр Раманкулов жарыстың бас төрешілігін атқарды. Салтанат барысында аудандық мәслихат хатшысы Т.Оспанов спортшыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Ауылдық жерде республикалық деңгейде ұйымдастырылып отырған алғашқы жарыс. Оған өзіндік себеп те бар. Бас-аяғы төрт жылдың ішінде Нұра ауданынан ММА өнері бойынша 2 әлем чемпионы, 7 Азия чемпионы мен 16 ел чемпионы тәрбиеленіп шықты. Бұл – өте үлкен жетістік. Осыған байланысты, бүгін біз Нұра ауданында федерация филиалын аштық, – дейді Сергей Ан.
Үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған бәсекенің бәсі де, деңгейі де мықты болды. Біріншілікте облысымыздың намысын қорғаған спортшылар үмітті ақтады. Үш салмақ дәрежесі бойынша өткен жарыста жалпыкомандалық есепте қарағандылық спортшылар суырылып алға шығып, бас жүлдені қанжығалады. ІІ орын – Астана қаласының, ІІІ орын – қостанайлық спортшылардың еншісінде.
Спорт түрін дамытуда «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауданға келіп, жастарды баулып жүрген Баһадүрдің еңбегі зор. Мемлекеттік бағдарлама өз жемісін беруде.
Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.
НҰРА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 435
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px