Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019
Бұқар жы­рау ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшылары 2000-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында дзюдодан Челябинск қаласында өткен ашық біріншілікке қатысып қайтты. Сүйіншілеріміз бар. 30 кг салмақ бойынша Назым Абылайхан 1 орынға ие болса, 27 кг салмақ бойынша бақ сынасқан Аяз Сарбасов үздік бестік қатарынан көріне білді. 
Елге олжалы оралған олар Жеңіс күніне және Қарулы Күштердің 20 жылдығына арналған Қостанай облысы Лисаковск қаласында өткен ашық біріншілікке аттанып кетті. Бұл жарыста екі спортшы да 1-орынды қанжығаларына байлап, чемпион атағын алып қайтты. Жас жеткіншектерді жеңіс тұғырынан көрінуге жетелеген – өздерінің еңбегі мен бапкер біліктілігі. Ұстаздары  А.Үмітбаев, Е.Сағитов, Н.Қасеновтердің де үлесі зор екенінде дау жоқ. 
Балғындарымыздың болашақта бұдан да биік шыңдарды бағындыра­тындықтарына сенім мол. 
Қ.АХМЕТОВА. 
БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.
 Пікірлер: 0
 Оқылған: 589
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px