Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Тұлға

Материалдар категориясында: 681
Көрсетілген материалдар: 1-10
Беттер: 1 2 3 ... 68 69 »

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
25.07.2016

Зеңгір көкке көз салып көп отырдым. Қараған сайын әуе кеңістігінде сайран салған қазақ батырлары есіме түсіп, ойым еселене берді. Жаны намыстан жаралған жандардың жанкешті ерліктері, қазақтың қайсар баласының ғарышты бағындыруы бәрі-бәрі көңілімді көлдей толқытты. Қазақ болып мына жарық жалғанның есігін ашқаным үшін Аллаға да сан шүкіршілік айтып күбірледім.

 пікірлер: 0
 оқылған: 15658
25.07.2016

... Сынақшы-ұшқыш әдетте ұшақтың әр тетігін өз дене мүшелеріндей айқын сезінуге тиіс. Онсыз қай жерінде кінәрат барын анықтау мүмкін емес қой. Кейде, тіпті, қан тамырлары ұшақтың мың сан түйіршіктерімен жалғасып, бүлкілдеп бірге соғып жатқанға ұқсайды. Өзі меншіктеп алып, баптап жүрген әлгі ұшаққа қалай бауыр басып кеткенін білмей де қалады. Әйтсе де, темірдің аты темір, кейде әлі жетілмеген бір тетігі басқаруға көнбей түпсіз тұңғиыққа қарай сыңғытып ала жөнелетін тәрізді. Көзіне қан құйылған қыран жерге тіп-тіке шаншылып, өзін-өзі тасқа осылай ұрмаушы ма еді?

 пікірлер: 0
 оқылған: 15322
25.07.2016

Тоқтар Оңғарбайұлы

ӘУБӘКІРОВ

● 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының 1 Май колхозында дүниеге келді. Жұбайы — Әубәкірова Татьяна Михайловна, ұлдары: Тимур – бизнесмен, Алматы (1977 ж.т.). Михаил – магистр, Лондон (1982 ж.т.),

 пікірлер: 0
 оқылған: 7460
18.07.2016

Ер азаматтар сияқты, нәзік жандар да мойнындағы сан қилы жауапкершілікке қарамастан, өндіріс ісін өрге бастырады. Сондай еңбекқор жандардың бірі – «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауыты жанындағы Мыс электролиздеу цехы учаскесінің аға шебері Гүлмира АЙТҚҰЛОВА.

 пікірлер: 0
 оқылған: 6808
18.07.2016

(Соңы. Басы өткен санда)

Орталық Қазақстан аймағындағы «Қосағалы қорымы» деп аталатын мәдени нысанды алғаш рет құжаттап, сипаттама берушілер тарапынан хатқа түсірілген мәліметтер әзірге – осы.

 пікірлер: 1
 оқылған: 6802
18.07.2016

Уақыт деген – қас-қағым.Таң атады, күн батады, тіршілік тоқтамайды. Біртіндеп болса да, уақыт көз ілеспейтін жылдамдықпен қызығыңды да, шыжығынды да ұрлап жатады. Оны өзің байқамай да қаласың. Өмірдің заңы солай. Уақыттың ырқына бағынбайтын ешкім жоқ.Жылдар жылыстап, алыстай береді. Еріксіз самайды сипайсың. Ақ қырау шалған алпыстың шаңқай түсі енді бесінге ауып барады. Күні кеше ғана сияқты еді. Бір жағынан аға, бір жағынан дос болып, тонның ішкі бауындай сыйласып жүрген жезқазғандық композитор Марат Түсіпбековтің бұл дүниеден озғанына мінеки, аттай сегіз жыл өтіпті. Арамызда болғанда осы көктемде, яғни, сәуірдің соңына таман Мәкеңнің 70 жасқа толғанын тойлаған болар едік. Бірақ, ол бұл күнге жете алмай кетті. Мәкеңнің артында сырлы да, сазды әндері қалды. Оның ән-ғұмыры үзілмеген екен. Көңілге медеті – осы.

 пікірлер: 0
 оқылған: 6760
14.07.2016

Берік ЖҮСІПОВ (07.03.1970) – фольклортанушы ғалым, эпикалық жыршылық, орындаушылық үрдістің көрнекті өкілі.

 пікірлер: 0
 оқылған: 6904
14.07.2016

Бұл Ақтоғай өңірінде менің әкемді танымайтын, білмейтін адам жоқ та шығар, сірә!

 пікірлер: 0
 оқылған: 6741
14.07.2016

Сексен жас жасаған ағамыздың ғұмырбаянының осынау алты жолға сиып-ақ кеткені кімді де болса таңдандырса керек. Көкірек көзімен қараған жандар болса осынау жолдардың әрқайсының астарында жүздеген, тіпті мыңдаған жолдардың жатқанын аңғарған болар еді. Ең алдымен ағаның туған жылын естісімен тіксініп қаласыз. Өйткені, алдыңғы толқын ағалардың қуғын көрген уақыты нақ осы отыз алтыдан басталады. Мәжит Аманқұлұлын "сол елім деп еңіреп өткен ағалардың орнына келген ұрпақ па?" деп ойланасыз. Өйткені, сол ағалардың басындағы ауыртпалық бірден осы мойны бекімеген сәбилердің иығына түсті, соғыс жылдарында әкелері қандай бейнет тартса, балалары ауылда жатып сондай бейнет кешті.

 пікірлер: 0
 оқылған: 6736
12.07.2016

Адам баласының артық қасиеттері – ақыл-ой, сана-сезімі сыртқа әуелі дауыс, үн, сөз арқылы естіледі. Аллаға деген мінәжаты да осы арқылы жетпек. Тәңірінің кісіге қиған теңдессіз сыйы – дауысты сөз. Оны басқалардың сана-сезімін қозғайтын ән мен жырға айналдырып, адамзат игілігіне жаратушы таланттар тарихта некен-саяқ. Саусақпен санарлықтай сирек. Солардың бірі һәм бірегейі – Қасымхан АСАНОВТЫ қазір екі қазақтың бірі біле бермейді.

 пікірлер: 0
 оқылған: 7125

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1170
count 88x31px