Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Тұлға

Материалдар категориясында: 681
Көрсетілген материалдар: 11-20
Беттер: « 1 2 3 4 ... 68 69 »

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
11.07.2016

Бұрнағы күндері өткен Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай елдің үздік журналистеріне ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тапсырғанын білеміз.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1665
11.07.2016

Жетпісінші жылдардың басында Қарағандыға келіп студент атандық. Кеудемізде жел бар. Шетімізден шәйірміз. Сол тұстағы Одақта мінбер ақындар дегендер шықты. Солардың айдарынан жел есіп тұрды. Біздер де соларға еліктейміз. Биіктік көрсек соған шығып өлең оқығымыз келеді. Екіленіп. Қолымызды сермеп...

 пікірлер: 0
 оқылған: 1653
11.07.2016

Қазақтың айтулы ақыны Иран-Ғайып баласы Мұнарбектің құлпытасына «Көмілген – Сен, Өлген – Мен» деп жазған екен. Ащы ақиқат. Өлген көміледі, артындағы тірінің өкініші өмірлік өксікке айналады. Өмір – өлшеулі, өкініш – өлшеусіз.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1758
04.07.2016

Қарағандыдан заң ғылымдарының докторы, профессор Бақтыбай Жүнісов ағамыз хабарласып, біраз сұхбаттасқан едік. Әңгіме ауаны «Тар жол, тайғақ кешіп» елі үшін шаһит болған Бектің Орынбегіне ауды. Бақтыбай ағамыз бұл аяулы есімді бүгінде білетіндер ілуде біреу екенін, тарихи тұлға әлі де өз бағасын ала алмай келе жатқанын айтып қынжылды. Бектің Орынбегінің аты-жөнін бұрындары бір романдардан, естелік мемуарлардан кездестіріп қалғанымыз болмаса, біз де жыға тани қоймаушы едік. Қызығушылығымыз артып, өзімізше зерттеп, зерделеп көрдік. Соның нәтижесінде, өзімізше Орынбек Беков деген кім деген сұраққа жауап тапқан сыңайлымыз.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1586
04.07.2016

Мектеп қабырғасына тарыдай болып кірген балғындарға әріп танытып, жазу-сызуды үйретіп, оңы мен солын таныту оңай емес. Әр балаға хат таныту мұғалімнен төзімділікті талап етеді. Бастауыш сынып мұғалімі Жанар Оқапова Кеншоқы ауылындағы «Нұра» мектебінде ұзақ жылдар бойы бастауыш сынып оқушыларына білім беріп келеді. Әр бала – бір әлем.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1445
04.07.2016

Қазақ халқы басынан талай тартыс, сан сайысты өткеріп, біртіндеп бас құрап, ұлт болып қалыптасқан қазіргі тарихына дейін басына әлденеше рет ауыр күндер төнген, тіпті, тұқымымен құрып кету қаупіне де кез келген. VII-Х ғғ. араб-парсылардың, ХІІ-ХІІІ ғғ. Шыңғысханның, ХVII-XVIII ғғ. жоңғарлардың шабуылы, міне, сондай қауіп төнген мезгіл болды. Ел басына күн туған қиын-қыстау кездерде қан кешіп, жауға қарсы ту көтерген, халықты ұйымдастырып ел амандығын қорғаған ержүрек батырларды халқы қашанда қадір тұтып, өлең-жырға қосып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырды. Осылайша, кейінге ұран болған тарихи адамның бірі – халық батыры Қабанбай Қожақұлұлы. Атақты, ақылды, абыройлы хан әрі қолбасшы батыр Абылайға арнап айтқан сөзінде Қабанбайдың тарихта алатын құрметті орнын сәуегей жырау, кемеңгер би Бұқар айқындап айтып кеткен:

 пікірлер: 0
 оқылған: 2525
30.06.2016

Жақында «Astana Mining & Metallurgy» VII Халықаралық конгресі мен көрмесінде еліміздің кен-металлургия саласының ең үздік кәсіби мамандарына «Алтын Гефест» ұлттық сыйлығы тапсырылғаны белгілі. Қазақстанның үздік тау-кен маманы деп табылған жезқазғандық Талғат Мағзұмов осы мәртебелі сыйлыққа ие болды.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1762
28.06.2016

Осыдан 40 жыл бұрын, мамырдың жаймашуақ күнінде Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы, Қызыларай ауылында менің құрбым, Қарағанды топырағындағы журналистика мектебінің тұңғыш түлегі, ауыл жанашыры – Гүлнәр Елеусізова шыр етіп дүниеге келген болатын. Мерейтойға Гүлнәр Елеусізова құрқол келген жоқ.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1527
28.06.2016

Мен Артур ағаны, яғни, Абай ауданы аймағына аты мәлім азамат, «Абай-Ақиқат» газетінің ардагер ақсақалы Артур Қәрімұлы Қуанәлиевті бұрын естігенім болмаса, түстеп танымаушы едім. Кезінде облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші болып жұмыс істеп жүргенімде, фототілші әріптесім Жұмабек Иманәлиев оны аузынан тастамай, көп айтып отыратын. Онысымен қоймай, екеуміз өндіріс орындарына, шаруашылықтарға барғанымызда, ауыл-ауылдарды аралағанымызда, «Арекең сұрақты былай қоятын, былай жазатын» деуден танбайтын. Сондайда «Осы Қуанәлиев пен Иманәлиев екеуің бір шалдың баласы, туыс емессің дер ме? Соншалықты мақтауыңа қарағанда...» дейтінмін қалжыңдап. Әйтпесе, шыны керек, Арекең Ресейдің Астрахань облысынан да, Жұмекең еліміздің оңтүстігіндегі Жамбыл өңірінен. Бірақ, осы бір жандардың арасын жалғап тұрған дәнекер олардың қаламдас, ұстаз бен шәкірт ретіндегі сыйластығы болар. Оған көп ұзамай көзім жетті де... Сөйткен Артур ағамызбен қайтыс боларынан бір аптадай бұрын кездесіп, біршама әңгімелесудің де сәті түсті. Оның үйіне Артур Кәрімұлының қатты сырқат екенін естіген Жұмабек Қарағандыдан арнайы келген жолы мені ертіп апарған.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1479
28.06.2016

(Журналист Совет Шиманбай жайлы бір үзік сыр)

 пікірлер: 0
 оқылған: 1510

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1267
count 88x31px