Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Тұлға

Материалдар категориясында: 681
Көрсетілген материалдар: 671-680
Беттер: « 1 2 ... 66 67 68 69 »

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
29.03.2012
Осы наурыз айының соңында баспасөзге үлкен еңбек сіңірген тарихшы-журналист, абзал азамат Ермағанбет (Еркін) Лұқпановтың дүниеден өткеніне 40 күн болады. Мен жарты ғасырдан артық осы газеттің байырғы тілшісі болғандықтан, қаламы жүйрік, Би-ағаңдай (Бейімбет) өндіртіп жазатын ойлы журналистерді жақсы білемін. Соның бірі осы Ерекең. Халықта «айналдырған ауру алмай қоймас» дегендей, 60-тың асуына жете бергенде құлады. Ол өмірге құштар еді, бірақ амал бар ма?! Көп сөйлемейтін, өзгелермен ерегіспейтін, сөзі мен ісі сай келетін. Сәлемдескеннен соң-ақ : «жазғаныңыз бар шығар, қаламыңызды құрғатпаңыз», деуші еді. Берген уәдесіне берік болатын. Қолына тиген мақалаларым уақытында шығып тұрды.
 пікірлер: 0
 оқылған: 845
27.03.2012
Құс жолына із тастап аққан жұлдыз

Зымыраған уақыт-ай, десеңші! Бел­гілі ғалым, талантты экономист Сара Әбді­ғалымқызы Сүлейменованың ортамыздан кеткеніне жыл айналып барады...

 пікірлер: 0
 оқылған: 972
27.03.2012
1936 жылғы қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәс­­кеу­дегі онкүндігі Алаш жұр­тының тарихтағы ең бір ғажайып жұлдызды сә­тіне айналды. Сол күні бір­неше ғасырға созылған бо­дандықтан әбден іш-құса болған қазақ халқы мұң шерінен бір арылғандай болды. Бүкіл одақ көрінген төбеге көшіп-қонып жүрген, мәдениеттен жұрдай деп ойлаған қазақтың әлемнің бірде-бір еліне ұқсамайтын музыкалық мұрасы мен мәдени болмыс-бітіміне аң-таң қалып, жалт қарады. Сахнада – Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы.
 пікірлер: 0
 оқылған: 954
22.03.2012
Айналдым сенен, Атамекен! Сыртта жүрген қан­дастарымыз түгілі, өзіміз де кіндік қанымыз тамған туған топыраққа жылына тым болмаса бір-екі рет ат ізін салып, ауасын жұтпасақ, аңсарымыз басылмайтын секілді. Шіркін-ау, сонда сырт жердегі қандастарымыз қалай шыдап жүр екен? Шындығы сол, киелі атамекеннен артық жұмақ болмаса керек. Осыдан 20 жыл бұ­рын Моңғолиядан көшіп келген қандастарымыз ел тірлігіне белсене арала­сып, экономикалық-әлеуметтік саланы дамытуға өз үлес­терін айтарлықтай қосып келеді. Бәлкім, атамекенге деген сағыныш болар, көпшілігі жатырқамады. Тез бауыр басып кетті. Жергілікті жұртшылықпен ар­қа-жарқа күй кешіп, ендігі құдан­далы жекжат болып үлгерді. Майрагүл Қабылғажықызы Тораңғылық се­ло­лық округінде кітапханашы, ақ­жарқын, көңілдегі әңгімесін жасырмайды...
 пікірлер: 0
 оқылған: 707
22.03.2012
Осыдан бір ғасыр бұрын қыпшақтың қайсар ұлы Қажымұқан Парижге барып, әлемді таң қалдырған болатын. Қазақтың қандай халық екенін сол жолы қара күш иесі танытқан. Одан кейін талай спортшылар шығып, байрағымызды желбіретті. Бірақ, біз айтқалы отырған спортшының жөні бөлек. Ол қырық бес жасында қамал бұзды десек те болады...
 пікірлер: 0
 оқылған: 1004
20.03.2012

Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына, оның ішінде мал шаруашылығының өркен­деуіне үлес қосқан білімді де білікті ел азаматтарының бірі – белгілі ғалым, ұстаз, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Мыңжасар Әдекенұлы Әдекенов. Есімі Арқа жұртына қазақтың ұяң жүнді құйрықты қой тұқымының авторы ретінде мәлім Мың­жасар Әдекенұлы соңында өшпес өнегелі ісі қалған, елі үшін аянбай тер төккен жаңашыл азаматтардың қатарынан ойып тұрып алатын орны бөлек тұлға. Саналы ғұмырын ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға арнаған абзал азамат көзі тірі болғанда биыл 80-нің сеңгіріне шығар еді.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1974
20.03.2012
Зарқын Тайшыбай жетпіске келіпті дегенде, кеше ғана соңымызда жүрген қара бала да қазақтың «қара шалдарының» қатарына қосылып қалыпты-ау, деп өкінгенім рас. Сонымен бірге қуандым да.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1377
20.03.2012
Өмірдің белгілі бір белесін бағындырған сәтте жүздеген, тіп­ті, мыңдаған шәкірттерінің құр­меті мен әріптестерінің шексіз ықыласына бөленіп, сол арқылы дариға дәурен соқпағының қанағатын сезіну де ұстаз үшін баға жетпес бақыт шығар. Ұстаздық ұлы мұрат жолында айналасына шуағын төгіп, шәкірттеріне тәрбие мен білім нәрін сеуіп, зейнеткерлік жасқа жеткен шағында ұлағатты ұстаз, іскер ұйымдастырушы, білікті басшы Өзібек Исатайұлы Бимендин осындай бір қанағат­шыл сезім құшағында ләззатқа бөленеді.
 пікірлер: 0
 оқылған: 885
20.03.2012

Осыдан оншақты жыл бұрын Қар­қаралы ауданындағы ауылдық округ­терде Аманжол есімді бірнеше азамат әкімдік лауазымда қызмет атқарды. Со­ларды ұдайы ата-тегімен атай бермейік һәм ортамыздағы зілсіз қалжың болсын деп, әріптестері жас және түр-тұлға си­патына қарай «қақбас Аманжол», «ақбас Аманжол», «саппас Аманжол», «жап-жас Аманжол» атап кеткен екен. Солардың ішінде бүгінгі кейіпкеріміз, «ақбас Аманжол» – Тәттімбет селолық округінің әкімі болған Аманжол Қуанбаев бізге – қалам ұстаған қауымға бір табан жақын болды.

 пікірлер: 0
 оқылған: 780
17.03.2012
Темкең – Темірболат Мәжит­ұлы туралы әңгіме айтудың реті келгенде еріксіз бозбала шақтың тұңғиығына қармақ салып, сонау 1975 жылдың қарашасына оймен оралуға тура келеді.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1052

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1252
count 88x31px