Абыройлы азамат - Тұлға - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген Ерлан Сәулебайұлының ішкі істер саласында қызмет етіп жүргеніне – 22 жыл. Алғашқы еңбек жолын жедел уәкіл болып бастайды. 1994 жылы мектепті ойдағыдай аяқтап, Қарағанды жоғарғы мектебіне оқуға түседі. Құқық саласын терең меңгеріп, лейтенант шенін алып шыққан ол жолдама бойынша бірден Қарағанды қаласының Октябрь аудандық ІІБ жіберіледі.

Сөйтіп, қызметтің қызу ортасына түсіп, тәжірибе жинақтаған жедел уәкіл 2000 жылы Октябрь полиция бөлімінің қылмысты іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі, 2004 жылы Қарағанды қаласы ІІБ-нің криминалды полициясының жедел-іздестіру бөлімшесі жедел уәкілінің міндетін атқарушысы ретінде өзін жан-жақты қырынан танытады. Осылайша 2005 жылы Қарағанды қаласы ІІБ криминалды полиция бөлімінің ЖІБ басшысы болып тағайындалып, лауазымды қызметті абыроймен атқарады.

Кәсіби шеберлік танытып, қылмыспен күресу және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген Ерлан Сәулебайұлы әр түрлі басшылық қызметтерді атқарды. 2006-2009 жылдар аралығында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының ІІБ КПБ бастығы, 2009 жылы Жаңа Майқұдық ПБ КПБ бастығы, 2009-2012 жылдары Киров ПБ бастығының орынбасары, 2012-2015 жылдары Жаңа Майқұдық ПБ бастығы, ал, 2015 жылдан бастап Михайлов ПБ бастығы лауазымын біліктілікпен атқарып келеді.

Әрине, жүктелген міндет те, жауапкершілік те салмақты. Дегенмен кейіпкеріміз білмегенін үйренді, қабілет-қарымын көрсетті, ішкі істер саласының қыр-сырын меңгерді. Сөйтіп, құқық қорғау саласының білікті қызметкері қатарына қосылды. Өз ортасында сыйлы, әріптестері арасында құрметті.

– Біздің қызмет ең алдымен жеделдікті, жылдамдықты, жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, адам бойында жұмысына деген адалдық болуы тиіс. Содан кейін жалқаулық пен еріншектікті жеңе білу керек, – дейді өзі.

Бүгінде қызмет көрсететін аумағында тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етіп, қылмыспен күресте, оның алдын алуда, тергеуде айтарлықтай жұмыстар жасалып жатқанына да тоқталды. Полиция подполковнигінің айтуынша, қабылданып және іске асырылып жатқан іс-шаралар нәтижесінде Михайлов ПБ қызмет көрсетіп отырған аумақта криминогендік ахуал тұрақты. Жыл басынан бері қала көшелерінде орын алатын құқықбұзушылықтар саны азайған. Оған дәлел – былтырғы жылмен салыстырғанда ауыр және аса ауыр қылмыс 40 пайызға азайған.

Қиындығы мен қызығы қатар жүретін жауапты қызметтегі еңбегі үшін Ерлан Сәулебайұлы талай мақтау-марапаттарға ие болды. Ішкі істер органдарындағы қол жеткізген табыстары мен мінсіз қызметі үшін І, ІІ, ІІІ дәрежелі медальдармен марапатталған. Қарағанды облысы ІІД, Қарағанды қаласы ІІБ-нен алған Алғыс хатымен, мақтау қағаздары қаншама.

Құқықтық қызметте қоғам тәртібін назарда ұстап, еліміздің бейбіт өмір сүруіне өзіндік үлес қосып жүрген осындай азаматтар аман болсын!

 

Нұргүл РАХЫМБЕКОВА,

Михайлов ПБ МТАТ

жетекші маманы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 673
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px