Алғыс арқалаған жан - Тұлға - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Мектеп қабырғасына тарыдай болып кірген балғындарға әріп танытып, жазу-сызуды үйретіп, оңы мен солын таныту оңай емес. Әр балаға хат таныту мұғалімнен төзімділікті талап етеді. Бастауыш сынып мұғалімі Жанар Оқапова Кеншоқы ауылындағы «Нұра» мектебінде ұзақ жылдар бойы бастауыш сынып оқушыларына білім беріп келеді. Әр бала – бір әлем.

Бірінші санатты ұстаз Жанар Төкенқызы 27 жыл бойы табан аудармай білімі мен біліктілігін жас балғындарға арнап келеді. Сабағын балалар жалығып кетпейтіндей қызықты әрі тартымды өткізеді. Үнемі ізденіп жүреді. Жанар балаларға ұстаз ретінде ғана емес, мейірімді ана ретінде де қарайды. Оның жүзінен үнемі ізгіліктің, жылылықтың шуағы төгіліп тұрады.

Жанар мектепте қаншама балаға білім берген ұлағатты ұстаз. Өз отбасында үлгілі ана. Үш бала өсіріп, немере сүйіп отырған әже. Еңбегі еленіп аудандық, облыстық білім беру басқармасының мақтау қағаздарымен бірнеше рет марапатталған. Биылғы оқу жылында да төртінші сыныпты шығарып салып, көптің алғысына бөленді.

Өзін қарапайым ұстайтын Жанар сөзінде «Балалардың тәртіпті, тәрбиелі болып ширауына тәрбиешілер Гүлсім Тоқметова мен Диана Әлібектің де еңбегі зор» дейді. Біз, ата-аналар, алғыс арқалаған осындай ұстаз алдынан балаларымыз білім алып шыққанына қуаныштымыз. Еңбегіне табыс тілеп, ризашылығымызды білдіреміз.

Нұрбақыт НҰРЖАУБАЕВА.

 

Шет ауданы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 704
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px