Қазақ қыраны - Тұлға - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Қазақ қыраны
Қазақтың тұңғыш ғарышкері, "Кеңес Одағының Батыры", КСРО-ның еңбек сіңірген сынақшы-ұшқышы, "Халық қаhарманы" Тоқтар Әубәкіров ғарышкерлер қатарына алынардан бұрын кәсіби сынақшы-ұшқыш болған. Қазақ қыраны 1976 жылдан 1990 жылдың соңына дейін А.Микоян атындағы конструкторлар бюросы бөлімінде сынақшы-ұшқыш болып жұмыс істейді. Ол МиГ-29 (13.02.1985 ж.), МиГ-31/2 (27.12.1986 ж.), МиГ-29 М/2 (1987 ж.), МиГ-29 К (23.06.1988 ж.), МиГ-31М/2 (27.12.1986 ж.), МиГ-29К (23.06.1988 ж.), МиГ-31Б (30.06.1989 ж.) ұшақтарын сынақтан өткізген. Сөйтіп, МиГ-23, МиГ-25, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31 және олардың модификацияларының сынақтарына қатысқан. Сынақшылардың теңіз бригадасы қатарында болып, МиГ-21, МиГ-23, МиГ-29 машиналарымен теңіз үстінде қырандай қалықтаған. Барлығы 50-ден астам жаңа ұшақтарды игереді. КСРО-да тұңғыш рет Солтүстік полюс аймағына әуеде екі рет жанармай толтырып алып, жерге қонбастан сапар шеккен. 1989 жылғы 1 қарашада КСРО-да тұңғыш рет «Тбилиси» авиакрейсеріне МиГ-29К тәжірибелік  кеме истребителін қондырып, бір жарым сағаттан кейін авианосец трамплинінен ұшып шыққан. Ал, Кеңес Одағының Батыры атағы оған жаңа авиация техникасын сынақтан өткізуде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1988 жылғы 31 қазандағы Жарлығымен берілген.
Батыр Тоқтар ғарышқа 1991 жылдың 2-10 қазаны аралығында сапар шекті. Тоқтар Әубәкіровте "Кеңес Одағы Батыры" атағы болғандықтан, ал, ғарышкерлерді «Алтын Жұлдызбен» қайырадан марапаттау 1988 жылы алып тасталғандықтан, ол "Қазан революциясы" орденімен ғана марапатталды.
Есесіне, 1995 жылы Елбасының Жарлығымен өз елінің "Халық қаhарманы" атанды.

Маржан терген Аман ЖАНҒОЖИН.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 131
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px