Бекзат - Тұлға - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Бекзат Ерденбайұлы туған жері – Көбетей ауылының Р.Асубаев орта мектебін 8 сыныпқа дейін үздік оқып, Қарағанды қаласындағы дарынды балаларға арналған «Дарын» мектебінде білімін жалғастырды. Ұлттық бірыңғай тестілеуден 117 балл жинап, үздік аттестат иегері атанған жас түлек Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «автоматтандыру және басқару» факультетіне мемлекеттік грант аясында оқуға түсті. Бұл білім ордасын да үздік аяқтап, қызыл дипломын арқалап туған жерге оралды.

Еңбек жолын Нұра ауданы әкімдігінде келісім-шартпен бастаған жас маманды мемлекеттік қызмет саласы қызықтыра түседі. Оқудан беті қайтпайтын Бекзат ойланбастан Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «Жергілікті мемлекеттік басқару» бөліміне құжаттарын тапсырады. Сонымен қатар, осы жылы мемлекеттік қызметке өту жолындағы алғашқы баспалдағы – 7 заңнан құралған тестіні де ойдағыдай тапсырып, мемлекеттік қызметтің резервіне тіркеледі.

– Бір жылдан аса уақыт өтті, мемлекеттік қызметке тағайындалып, жұмыс атқарып жүргеніме. Әлі де үйренерім көп. Осы саланың қыр-сырын барынша терең меңгерткен аппарат басшысы болған Салтанат Мұқанова болатын, – деп ақырын ғана жымиып қойды Бекзат.

Жас та болса бас болып, аудан әкімдігінде терроризмге қарсы және жұмылдыру жұмысы бойынша бас маман қызметін абыроймен атқарып келе жатқан Бекзаттан өз әріптестері зор үміт күтеді.

Ол қарапайым отбасынан шыққан. Әкесі Көбетей ауылында бірнеше жыл механизатор болып қызмет атқарса, қазір – Астана қаласында күзет қызметінде. Анасы болса, 25 жыл қатарынан мектепте математика пәнінен дәріс беруде. Өзі де барынша қарапайым. Салмақты әрі байсалды. Қолы қалт босаса, спорт залына барып доп теуіп, бойын сергіткенді ұнатады. Тағы бір байқағаным, ойлы жанарынан, бойынан қазақы тәрбиенің иісі аңқып тұрды.

– Барша қазақстандықтардың мү­д­­десі ортақ деп ойлаймын. Тәуелсіз ел­і­міздің өркендеуіне үлес қосу – басты мақсатым, – дейді Бекзат.

Тәуелсіз елдің құрдасы лайым елімен бірге жасасын деп тіледік.

 

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.

 

НҰРА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 725
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px