Әдеп нормасына – қатаң бақылау - Тұлға - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

12-қадам. ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕНГІЗУ. Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу.

 

Бұл кеңестің ең басты ерекшелігі мен Тәртіп кеңесінен айырмашылығы – оның басым қызметінің заңды бұзу себептерін белгілеу мен оның алдын алуда болып табылады. Алғашқы рет кеңес тек қана тәртіп істері емес, оған қоса сыбайлас жемқорлық бойынша талдауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың мониторингін және әдеп бойынша уәкілеттілердің қызмет әдептілігін бақылаудағы жұмыстарын қарастырады.

Және де Әдеп кеңесінің міндетіне мемлекеттік тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет бойынша заңын, қызмет әдептілігін, жемқорлыққа қарсы заңның орындауын бақылау мен әдеп бойынша уәкілеттілердің жұмыстарын жүргізу мәселелеріне ұсыныстар беру жатады.

Қарағанды облысының Әдеп кеңесінің құрамы мәслихат, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың басшыларынан құралған.

Ережеге сәйкес, Әдеп кеңесінің функцияларының бірі – қызмет әдептілігінің нормаларын бұзған, тәртіп бойынша мемлекеттік қызметке қайшы келетін теріс қылықтар жасаған қызметкерлерге бағытталған тәртіп істерін қарастыру.

2016 жылдың 1 қаңтарынан Мемлекеттік қызмет бойынша және жемқорлыққа қарсы заңдарының күшке енген кезінен «жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылық» деген түсінік жойылған.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет бойынша жаңа заңына сәйкес «мемлекеттік қызметке кір келітертін теріс қылық» деген жаңа түсінік енгізілді.

Негізінде барлық, жемқорлыққа қарсы заңда қарастырылған тәртіп бойынша мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтар, қызмет әдептілігінің нормаларын бұзу сияқты жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылықтар ҚР Мемлекеттік қызмет бойынша заңына көшірілген.

Оған қарамастан, теріс қылықтар үшін жауапкершілік өлшемі қатал болып қала берді.

Және де Елбасының кәсіби мемлекеттік аппарат құру тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің моральдық адамгершілік бейнесі мен іскерлік қасиеттерін көтеру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі бекітілген.

Кодекс мемлекеттік қызметтің құндылығын бекітіп, мемлекеттік қызметкерлердің тек қана жұмыста емес, оған қоса күнделікті өмірдегі тәртіп стандарттарын анықтады.

Мәселен, мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан тыс уақытта жалпы қабылданған моральды-этикалық нормаларды ұстанып, қоғамға қарсы жүріс-тұрыс жағдайларын болдырмау бойынша, сонымен бірге, адами және қоғамдық құндылықтарды қорлайтын іс-әрекет, яғни, қоғамдық орындарда мас күйінде болуы орын алған жағдайда мемлекеттік қызметші тәртіптік жазалауға тартылады.

Бұдан бөлек, жаңа заңмен әдеп нормаларының орындалуын қадағалайтын «әдеп жөніндегі уәкіл» деген тағы бір институт енгізілді. Бұл институттың әрекеттерін үйлестіру Мемлекеттік қызмет істері министрлігіне және оның жергілікті құрылымдарына жүктеледі.

Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының орындалуын, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзылуының алдын алуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексін қамтамасыз етіп, сонымен қатар, өз қызметінің аясында мемлекеттік қызметкерлерге және азаматтарға кеңес береді. Бұл ұжымдағы жағымды моральді-психологиялық атмосфераның қалыптасуына әсер ететін болады.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін жүзеге асыру аясында азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар, оның ішінде, Әдеп жөніндегі кеңес, институттармен өзара қарым-қатынаста болады.

Орнатылған стандарттарды қатаң қадағалау мемлекеттік аппараттарға деген халықтың сенімін арттырады. Халыққа тиімді қызмет ету – Елбасы әр мемлекеттік қызметшінің алдына қойған басты міндет.

Берік АХМЕТОВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қарағанды облысы бойынша

департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 709
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px