Дерек пен дәйек - Тұлға - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Тоқтар Оңғарбайұлы

ӘУБӘКІРОВ

● 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының 1 Май колхозында дүниеге келді. Жұбайы — Әубәкірова Татьяна Михайловна, ұлдары: Тимур – бизнесмен, Алматы (1977 ж.т.). Михаил – магистр, Лондон (1982 ж.т.),

 

● Армавирдегі ұқыштардың жоғарғы әскери авиациялық училищесін (1969 ж.), КСРО Авиа­ция өнеркәсібі министрлігінің сынақшы-ұшқыштар мектебін (1976 ж.), Мәскеу авиация институтын (1979 ж.) бітірді. Ғарышкерлер дайындайтын Орталықтан (1991 ж.) өтті.

 

● Еңбегі сіңген сынақшы-ұшқыш, ұшқыш-инженер, инженер-аэрогидродинамик, сынақшы-ғарышкер-ұшқыш, техника ғы­лымдарының докторы, профессор (Ресей, 1999 ж.), авиация генерал-майоры (1992 ж. 23 ақпан).

 

● Еңбек жолын 1961-1962 жылдары Теміртау қаласындағы асханалар мен мейрамханалар тресінде жүк тасушы болып бастады. 1962-1965 жылдары Теміртаудағы құю-механикалық, зауытында токарь болып еңбек етті. Әскери училищеден соң КСРО Әуе Күштерінде ұшқыш, звено командирі, штурман — авиация эскадрильясы командирінің орынбасары (1969-1975 ж.ж.);

 

● Ұшқыш-сынақшы, ҮСМ тың­даушысы (1975-1976 ж.ж.); Улан-Удэ авиациялық зауытының ұшқыш-сынақшысы (1976 ж.); А.Микоян атындағы конструкторлық бюросында ұшқыш-сынақшы (1976-1991 ж.ж.) қызметін атқарды.

 

● 1986 жылы «Тбилиси» авиатасығыш крейсеріне МиГ-29К ұшағын қондырып, сол жерден әдеттегі жүйе бойынша әлемде тұңғыш рет трамплиннен ұшып шықты. Бұл ұшу бірден Гиннестің рекордтар кітабына енді.

● 1991 жылы Ю.Гагарин атындағы Ғарышкерлер дайындайтын Орталықта жалпы ғарыштық толық дайындық курсынан өтті. 1991 жылдың 2-10 қазанында кеңестік-австриялық халықаралық «Союз» ТМ-13 ғарыштық, экспедициясының құрамында ғарышқа шығып, ғарышкер-зерттеуші санатында орбиталық «Мир» стансасында болып қайтты.

 

● ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитеті Төрағасының бірінші орынбасары (наурыз-тамыз 1992 ж.); КР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары (тамыз 1992 ж, - қаңтар 1993 ж.); Ғарышты зерттеу агенттігінің Бас директоры — КР ғылым мен жаңа технологиялар министрінің орынбасары (қаңтар-ақпан 1993 ж.); Ұлттық, Аэроғарыш агенттігінің Бас директоры (ақпан 1993 ж. наурыз 1994 ж.);

 

● ҚР Жоғарғы Кеңесінің қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы (сәуір 1994 ж. - наурыз 1995 ж,); КР Президентінің Көмекшісі (сәуір 1996 ж. - сәуір 1997 ж.); ҚР Президентінің Кеңесшісі (сәуір 1997 ж. - сәуір 2000 ж.); қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары (сәуір 2000 ж. – маусым 2001 ж.).

 

● ҚР ХІІ-ХІІІ шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

 

● Кеңес Одағының Батыры (қазіргі заманғы ұшақтарды сынақтан өткізуде көрсеткен ерлігі мен өжеттігі үшін - 1988 ж.); 1995 жылы Казақстанның «Халық, Қаһарманы» атағы беріліп, «Отан» орденімен, «Алтын жұлдызбен» марапатталды;

● КСРО-ның еңбегі сіңген ұшқыш-сынақшысы КСРО ұшқыш-ғарышкері (1991 ж.) және КР ұшқыш-ғарышкері (1994 ж.); Ленин, Октябрь революциясы, «Құрмет белгісі», КР «Отан» ордендерінің, сондай-ақ Австрияның «Алтын Крест» орденінің (1993 ж.) иегері, КР еңбегі сіңген спорт шебері, Астана мен Алматы каласының, Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен бірқатар облыс қалаларының Құрметті азаматы. Ғылыми-техникалық мазмұндағы екі кітаптың авторы.

 

● 2001 жылы «Ғасыр саңлағы» атағы берілді.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2574
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px