Кадрдың қадіріне жете білген - Тұлға - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

30-қадам. Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН құру. Жергілікті полиция қызметінің өкілеттілігі: қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілік. Жол-бақылау полициясының қызметкерлері полиция қызметкерлерінің жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісінің барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі.

 

Қарағанды облысының ІІД кадр жұмысы басқармасының инспекторы, полиция аға лейтенанты Дастан Құрмышевтің кадр жұмысына араласқанына бар-жоғы үш жылдың жүзі болыпты. Осы үш жылда бірталай қызметкерлерді ішкі істер органдарына қабылдап, бірталайын қызмет бабымен ауыстырып, біршамасын зейнеткерлікке шығарып салуға тура келіпті. Негізгі міндеті күнделікті жол тәртібін қадағалап тұратын патрульдік полиция қызметкерлерін жасақтаумен айналысатын Д.Құрмышев үшін жұмысы – екінші үйі, құжаттарды рәсімдеу әдетіне айналыпты.

Кадр жасақтау, жеке құрамның тәрбиелік жұмысы, қоғамдық құрылымдар, офицерлер мен полицейлер және әйелдер кеңесі, тәлімгерлермен жұмыс, сонымен қоса қызметкерлердің кәсіби-қызметтік даярлығы, дене шынықтыру даярлық, ату-жаттығу сабақтары – осының бәрі кадр бөлімі қызметкерлерінің мойнында. Бұл жауапкершілікті алып жүру – біреудің қолынан келсе, біреулерге қиындық тудырады. Жауапкершілігі жоғары осындай қызметті алып жүрген Дастан Әмірбекұлының болашағы алда әлі.

Отан алдындағы борышын адал атқарып келген Дастан Әмірбекұлы тұрақты жұмыс таппай, қолға іліккен жұмыстың барлығын істеп жүре береді. Болашағына бей-жай қарай алмайтын ол Қарағанды экономикалық университетіне түсіп, 2012 жылы сәтті аяқтап шығады. 2013 жылдың қараша айынан бүгінге дейін Қарағанды қаласының ІІБ жол патрульдік полициясы полкінің кадр жұмысы және кәсіби даярлық тобының инспекторы болып қызмет атқарып жүр.

– Ішкі істер органында қызмет атқаруыма досым Дарын Қойшыбаев әсер еткен. Бір жағынан, нағашы атам Алексей Құрмышев аталған органда қызмет атқарған. Қазір зейнеткер, отставкадағы майор. Сол кісінің жолын қуып, бүкіл өмірімді ішкі істер органдарына арнауға дайынмын. Әкем Әмірбек Сәрсенбаев та жетістікке өз еңбегіммен жетуге баулып өсірді, – дейді.

Кадр жұмысы үшін үш жылдық қызмет – өте аз уақыт. Осы аз уақытта әріптестері арасында биік беделге ие болып үлгерген кейіпкеріміздің келешегінен көп үміт күтеміз.

 

И.ЫСҚАҚОВА,

Қарағанды қаласы Оңтүстік-Шығыс ПБ МТАТ жетекші маманы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 688
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px