Мәртебелі сыйлық иегері - Тұлға - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Бүгінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-інің өндіріс жөніндегі директоры қызметін атқаратын Талғат Мұсаұлы өзінің 45 жыл өмірін тау-кен саласына арнап келеді. Әке жолын қуып, шахтада еңбек етуге бекінген ол әуелде Жезқазған тау-кен техникумын бітіріп, одан әрі Қазақ политехникалық институтында оқыды. Оңтүстік Жезқазған кенішінде тау-кен шебері болып еңбек жолын бастады. Дипломды инженер учаске, шахта бастығы, кеніш директоры сияқты кен өндіру саласының жауапты міндеттерін абыроймен атқарып, «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің бас инженеріне дейінгі жолдардан өтті, мол тәжірибе жинақтады. Талғат Мағзұмовтың атсалысуымен Жезқазған жерасты шахталарында кен өндіру технологиясын жетілдіру мен жаңа техникалармен жарақтандыру жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Ол еңбек өнімділігімен қатар забойдағы қауіпсіздік шараларының басты орынға қойылуын ерекше қадағалайды. Әрбір маманнан осыны талап етеді. Бүгінде мыс өндірісінде Мағзұмовтардың төртеуі — үш інісі мен қарындасы абыройлы еңбек көрігін қыздыруда. Олардың барлығы аға өнегесін үлгі тұтады. Өнеге өрісі кеңейе берсін, өндіріс майталманы дейік!

 

  ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 1004
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px