Өмiрi – өнеге мектебi - Тұлға - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Өмiрi – өнеге мектебi
Талай жылдан бері Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолында өлшеусіз еңбек еткен тұлғалардың бірі – Сәбет          ЖАҚЫПБЕКОВ.
ҚР ҰҚК зейнеткері, құрметті ақсақал, отставкадағы генерал-майор Сәбет Малгеждарұлының туғанына 2016 жылдың 23 сәуірінде 80 жыл толады. Мерейтой қарсаңында Сәбет ағамыздың елінің көркеюіне қосқан ерен еңбегі жөнінде сөз қозғауды жөн көріп отырмыз.
Үкіметтік байланыс қызметіне өмірінің тең жартысын арнаған жылдары Сәбет ағамыз өзін сауатты маман, әрі білікті басшы ретінде мойындата білді.
Қарағанды облысының Ақ­тоғай ауданында дүниеге келген жерлесіміз 1959 жылы Ресей Федерациясының Новосибирск қаласындағы байланыс электротехникалық институтын тәмамдаған. Осы уақыттан бас­тап, өзінің өмірін мемлекеттік қауіпсіздік органдарындағы қызметке арнаған.
1977 жылдан бастап ҚазССР Мемлекеттік қауіпсіздік коми­тетінің  үкіметтік байланыс қызметі­нің бөлім, басқарма бас­тығы лауазымдарында үздік еңбек көрсете білгендіктен, ҚР ҰҚК үкіметтік байланыстың бас басқармасының бастығына дейін өскен.
1995 жылдан бастап ҚР Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары, Үкімет­тік байланыс агенттігінің директоры, ҚР Үкіметтік байланыс әскерлерінің бастығы лауазымдарында үздік қызмет атқарып, көптеген сауатты офицерлерді тәрбиелеп шығарған.
1997 жылдан бері зейнеттік демалыста. 2001 жылдан бастап «Нурсат» АҚ бас директорының кеңесшісі болып табылады.
2004-2009 жылдар ара­лығында «ҚР ҰҚК ардагерлері» республикалық қоғамдық бір­лестігін басқарған.
Бүгінгі күні жерлесіміз ТМД елдерінің Үкіметтік байланыс мәсе­лелері бойынша үйлестіру кеңесінің құрметті мүшесі.  
Халқымыздың  қауіпсіздігі мен өркендеуіне  қосқан  ерен еңбегінің лайықты бағасы ретінде «Құрмет Белгісі» Орденімен, көптеген медальдармен, ҚазССР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған, мақтау қағаздары да сансыз.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің және  РФ Президенті жанындағы Үкімет­тік байланыс және ақпарат федералдық агенттігінің құрметті қызметкері, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы атақтарына ие.
Қазіргі кезде Сәбет Малгеж­дарұлы өзінің жары, марқұм Гүлжахан анамызбен бірге үш баланы тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған жандар.
«Әке көрген оқ жонар» дегеннің дәлелі болғандай, әскери тәртіп пен инабатты тәрбие алған балалары еліміздің гүлденуі жолында еңбек етіп жүр.
Ағамыздың жастарға өсиет ретінде айтар әңгімесі мен ақылы – түбі көрінбейтін тұңғиық теңіз іспеттес. Жас буынды Қазақ еліне қызмет етуге шақырудан жалық­пайды. «Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін еңбек ету керек!» деген өсиетін қайда болса да айтып жүруден шаршамайтын ұлағатты ұстаз.
Осындай өмір жолынан өт­кен және ол жолдары кейінгіге үлкен өнеге боларлық ғұмыр кешкен қарияның үйінде үлкен қуаныш. Көрінбейтін майданның жауынгері, ел ағасы бала-шаға­сының, жора-жолдастары мен өзі тәрбиелеген шәкірттерінің ортасында сексеннің сеңгіріне шыққалы отыр.

Қазақстан Республикасының  
ҰҚК Қарағанды облысы бойынша
департаментінің ұжымы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 147
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px