Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Таным

Материалдар категориясында: 277
Көрсетілген материалдар: 271-277
Беттер: « 1 2 ... 26 27 28

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
19.06.2012
Қазақстан түсті  металлургия өнеркә­сібінің  энциклопедиялық тұрғыдағы тарихы кітап болып жарыққа шықты. 562 беттік кітап Қазақстан  түсті металлургия  саласы әр ошағының бастауынан өсіп-өнуі, жетістіктері, республиканың да­муына  қосқан үлесі, болашағы, түсті металлургия саласында тер төгіп, еңбек еткен қазақ интеллигенциясы мен жұмысшы табының көрнекті өкілдері туралы кеңінен мағлұмат береді және олардың фотосуреттері басылған, өн­діріс ошақтарының   көріністері мен панорамасы, табиғаты түрлі-түсті суреттермен әсем безендірілген.
 пікірлер: 0
 оқылған: 5237
14.06.2012
Маусым айының алғашқы сенбісі – Қара­ғанды қаласындағы №3 гимназия үшін ғажайып күн. Дәл осы күні гимназияның әр жылдардағы түлектері алтын ұяларында бас қосып, түлектер кездесуін өткізуді дәстүрге айналдырған. Биыл да бұл дәстүр бұзылған жоқ.
Мектеп ауласы құшақтары гүлге, жүздері нұрға толған түлектерге лық толды.
 пікірлер: 0
 оқылған: 2418
05.06.2012
Жақында Алматыдан атақты академик жерлесіміз Бақия Атшабаров туралы жаңа кітап жарық көрді. Кітапта Семей полигонын алғаш рет әлемге әйгілеп, зиян-зардабын ашық жария еткен, әлемдік медицинаға бірінші болып «Қайнар синдромы» атты жаңа термин енгізген даңқты патриот ғалымның қоғамдық қызметі, тарихи еңбегі, кісілік, адамгершілік қасиеті, соғыстағы ерлігі, ғалымдық болмысы жан-жақты сөз болады.
 пікірлер: 0
 оқылған: 526
02.06.2012
1992 жылдың 4 маусымы Қазақстан Республикасы тарихындағы ең даңқты күндердің бірі. Өйткені, дәл осы күні талай ұрпағы аңсаған азаттыққа қол жеткізген алаш жұртының мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран қабылданған болатын.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1176
02.06.2012

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілері саналатын мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау балабақшадан басталуы тиіс. Елін, жерін сүйген әрбір азамат мемлекеттің әнұранын жатқа біліп, ту мен елтаңбадағы белгілердің мәні мен мазмұнын жақсы білуі қажет. Себебі, мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран ата-бабаларымыз армандап кеткен тәуелсіздігіміздің басты белгілері. Аймақта мемлекеттік рәміздердің мәртебесі қалай қорғалып жүр? Насихат жұмыстары қандай деңгейде? Мереке қарсаңында Қарағанды облысының Әділет басқармасы ұйымдастыру, бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Қарлығаш Әбіджановаға жолығып, сұхбаттасқан едік.


 пікірлер: 0
 оқылған: 2332
02.06.2012
Қазіргі таңда кейбір ағаларымыз қазақ халқында бұрын мемлекет те, шекара да болған жоқ деп жүр. Осыны естіген бір шовинист айтыпты, олай болса Қазақстанға алғашқы қоныстанушылар қара шекпенділер, яғни жер солардікі деп. Мемлекет деп аталмағанымен оның орнында хандық болды емес пе? Қазақ хандығы. Одан арғысында қағанат тұр. Ал шекара болмады дегенге кім сенеді? Алтай мен Алатау, Арқа мен Атырау қазақтың бағзыдан белгіленген ата қонысы. «Ел шетіне жау шапты! Аттан! Аттан!» деп ұрандамаушы ма еді бабаларымыз. Ел шеті дегеніміз шекара емей не? «Біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп Сұлтанмахмұт жырлағандай бізде ненің бар, ненің жоқ екенін түгендейтін кез жетті ғой. Ғұмыры ат үстінде өткен түркі тектес халықта қағанат пен хандық, шекара мен әнұран да болған. Төрт құбыласы тең, жер қайысқан әскері де бар болатын. Қазіргі ережелерге сүйенсек бұл – мемлекет. Мінекей, сауалға жауап өздігінен шығады. Осындай білместік сөзді ағаларымыздың жарты әлемге жар қылатыны күйдіреді-ау. Осы жұрт ең аяғы жалаудың (ту) түркі халқынан шыққанын біле ме екен? Елдік нышан әуелі бізден басталған.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1059
02.06.2012
Биылғы жылы қасиетті ражәб айы мамырдың 22 жұлдызынан басталды. Алла тағала Құран Кәрімде (Тәубе сүресі, 36-аят): «Тегінде, аспан мен жер жаратылған күннен бастап, Алла тағала айдың санын он екі етіп белгілеген. Оның төртеуі (зу-л-қағда, зу-л-хижжа, мухаррам, ражәб) соғысуға тыйым салынған айлар. Дінде бұл дұрыс. Бұл айларда сендер өздеріңе зиян жасамаңдар» деген.
 пікірлер: 0
 оқылған: 675
1-10 11-20 ... 251-260 261-270 271-277

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1227
count 88x31px