Алғыс айтсақ деп едік... - Таным - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Алғыс айтсақ деп едік...

Дүние-дүрмекте жүріп, кейде маңайымыздағы қарапайым адамдарды ескере бермейтініміз жасырын емес. Тынымсыз еңбегі отбасына ғана емес, басқаларға да шарапаты тиетін жандар баршылық. Соның бірі – Абиба Көмекова.


Қарағанды қаласындағы №54 мектепте асхана меңгерушісі болып еңбек ететін Абиба Көмекова осы жылдар ішінде елдің алғысын алып келеді. Шымкенттен он бес жыл бұрын, Арқаға қоныс аударған сәттен бері бауырындағы бес баласын аяғынан тік тұрғызды. Күн-түнмен санаспай, балапандарын тұмсықтыға шоқыттырмай, қанаттыға қақтырмай өсіріп, бүгінде немере сүйіп отырған жайы бар. Ерен еңбектің, маңдай тердің еш кетпейтінін көрсетті. 1973 жылы құдай қосқан қосағы Жұмабек екеуі отбасын құрған екен. Бірақ, маңдайдағы жазудан кім қашып құтылған, тағдыр жұбын ерте алып кетіпті. Содан белді бекем буып, бес балапанын бір өзі асырап-сақтап шықты.

«Ас – адамның арқауы» деген қазақтың даналығын берік ұстанған Абиба апай мектептегі балалардың экологиялық таза өніммен тамақтануын жіті назарда ұстайды. Қадағасы – қатаң. Бақылау – күшті. Мектептегі қазан-ошақтың құлағына ие болғаннан бері бұл кісінің тарапына бір ауыз реніш, өкпе, ас-ауқатқа көңіл толмаушылық деген мүлде болған жоқ. Өзіне жүктелген міндетті жан-тәнімен сезініп, оған асқан бір жауапкершілікпен қарайтын мұндай жандардың алары тек – алғыс. Біз де «Жақсының жақсылығын айтуды» өзімізге парыз санап, қолымызға қалам алдық. Басылым арқылы ақ, адал Абиба апайға алғыс айтсақ дейміз. Еңбегіңіз жана берсін, немерелердің қызығына кенеле беріңіз дегіміз келеді.

Марал ИСАХАНОВА,

Ләззат ИБРАЕВА,

№54 мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі

орынбасарлары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 319
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px