Асық ойыны алғырлыққа тәрбиелейді - Таным - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Асық ойыны алғырлыққа  тәрбиелейді
Ауылда асыр салып өскен кез келген қазақ баласы асыққа құмар. Қазір қаланың жастары да, тіпті, өзге ұлттың өкілдері де осы ойынның қызығына батқан. Әр аулада сақа иіріп жатқан жеткіншектерді кездестіруге болады. Тәулік бойы компьютерге телмірген балаларының бір мезгіл асық ойнап, асыр салғанын ата-аналары да қалайды, демек. Бұл, біріншіден, көз, қол мергендігіне, сергектікке, алғырлыққа тәрбиелейді. Негізі, асық ойындарының түрлері өте көп. Кең тарағаны «үш табан», «шеңбер» ойындары. Асықты тіпті, қысы, жазы үйде де ойнауға болады. Ертеде әжелеріміз ортаға асықты шашып жіберіп, жағалай отырған балалар таласып жинайтын. Бұл шапшаңдыққа жетелейді. Ал, ойынға бірнеше бала араласқанда әрқайсысы өз асығын қателеспей тауып алу үшін әжелеріміз киіз жүндерін бояп жатқан қазанға асықтарды салып алатын. Сонда әр асықтың түрі әрқилы болып шыға келеді. Қызыл, жасыл, қара, көк, сары бояу түрлерін балалар жас кезінен ажыратуға машықтанады. Яғни, дүниетанымы кеңиді. Асық ойнаған бала есепке де жүйрік болады. Осының барлығы ескеріліп, жуырда бұл ұлттық ойынымыз ЮНЕСКО-ның материалдық емес, мәдени мұралар тізіміне енді. Арнайы мамандар ауыл-ауылды аралап жүріп, оның пайдасын әбден зерттеген көрінеді. Енді, осы ұлттық құндылығымызды одан әрі дамытуымыз қажет. Қазір елімізде «Асық ату» федерациясы жұмыс істеп тұр. Санаулы облыста оның филиалдары жұмыс істейді. Бұл жеткіліксіз. Асық ату ойынын үйрететін үйірмелер еліміздің барлық мектептерінде ашылу керек деп ойлаймын. Арнайы оқыту бағдарламасы қабылданса, нұр үстіне нұр болар еді.

Амангелді ДӘМИЕВ,
№21 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.     

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 488
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px