Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

Туған тілім  – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр 
                                     ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін, 
Өшсе тілім менде бірге өшемін, – деп ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай, тіл – қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ыр­ыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің  талай сынынан  өткен, өскелең  талаптарға  сәй­кес  өрістей  түскен  ақиқат десек, жаңыла  қоймаспыз.
Қоғамның қандай түрі  болса да тілсіз  өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің  өзі қоғам бар  жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.
«Тіл туралы»  заңда  «Қазақстан  халқын  топтастырудың аса маң­ыз­ды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді  меңгеру – Қазақстан  Республикасының  әрбір азаматының парызы» – деген. Конституциямыздың  жетінші бабынының бірінші тармағында ҚР-дағы мемлекеттік тіл – қа­зақ тілі деп анық жазылған, Ата Заңымыздан  туындаған «Тіл туралы» ҚР-ның заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарды жүйелі түрде жүзеге асыру. Ол тілдерді қолдану мен  дамытудың 2001- 2010 жылдарға арналған  мемлекеттік  бағдарламаларынан  да көрініс  тапты.
«Тіл – біздің тұтастығымыз», «Тіл тағдыры – ұлт тағдыры» деп жүрміз. Сондықтан, әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай  қорғауға, оның  орынсыз  шұбарлануының  қандайына болса да  қарсы  тұруға тиіс. Туған тілдің абыройын  асқақ­тату – әрбір адамзаттың  абзал борышы. Біздің барша ұлттық  келбетіміз  бен  болмысымыз, салт-санамыз бен дініміз  ұлттық мәдениет пен  тілімізде  жатыр. Тәуелсіз елдің жас  ұрпағын  парасатты  да  білімді, іскер  де  қабілетті, отансүйгіш те  ұлтжанды  тұлға  етіп  қалыптастыруда  мемлекеттік  тілдің  атқаратын  қызметі  орасан  зор. 
Қазақ тілі – өте  бай  тіл. Ол шаруашылықтың  бар саласын  өркен­дете  түсуге  себепші  күш, хал­қы­мыздың  мәдени  дәрежесін   көтере  беруші  пәрменді  құрал, жұртшылықты  жаппай  отаншылдық  рухта  тәрбиелеудің  құралы, қуатты қаруы. Амал не, осындай  әдемі туған  тіліміз  бола  тұра  өзге  тілде сөйлейтіндер де  көп  болды. Тіпті, туған  тілден  безетін сорақыларды  да   көргеніміз бар. Төл  тілде сөйлеуден  безу ақ сүт беріп, асыраған  анаңды  ұмытумен  бірдей. 
Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді  шұбарлау – арды  шұбарлау, көңіл  тұнығын  лайлау.
Ұлттық  мәдениеттің  гүл­денуі  мен  адамдардың  тарихи  қалыптасқан  тұрақты  қауым­дастығы  ретінде  ұлттың  өзінің  болашағы  ана  тілдің  дамуына, оның  қоғамдық қызметінің  кеңеюімен  тығыз  байланысты. Сондықтан, туған  тілге  деген   сүйіспеншілік  бала  кезеңнен  бас­талуы  тиіс. Айналаңды  танып білу, туған  тіліңді  білуден  басталады.
Біздің бүкіл  тарихымыздан  мен  екі  олжамызды  бөліп  айтар  едім. Оның  біріншісі, әрине – ата-бабаларымыз өздерінің  қанын төгіп, жанын беріп жүріп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің  күшімен қорғап қалған  қазақтың қасиетті жері. Тағы бір олжамыз – сол  ата-бабаларымыздың  арқасында   бар бояуымен, сырлы  сазымен  осы күнге аман-есен жеткен  тұп-тұнық, мөп -мөлдір қазақ тілі.
Қазақпын  деген қаны бар әрбір азамат тілім тәуелсіздігімнің тірегі, тілім – болашағым, тілім – мақтанышым  деген биік сезімді мұрат етуі шарт.
Э.ИСАЙЫНОВА,
Қарағанды  қаласының мамандандырылған   
ауданаралық әкімшілік  сотының бас маманы,
сот отырысының хатшысы.            
 Пікірлер: 0
 Оқылған: 1814
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px