Білгенге – маржан - Таным - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Білгенге – маржан
Мақта
Бір тонна шитті мақтадан 7200 метр мата, 54 мың дана орам жіп, 360 килограмм таза мақта түбіті, 110 кг. май, 16 кг. сабын жасап алуға болады. Бір тонна шитті мақтаны өңдегеннен кейін 180 кг. қабық, 260 кг. күнжара қалады. Оның құрамында 40% белок бар, ол – өте бағалы мал азығы. Мақта майынан сабын, машина майы, маргарин, глицерин, стеарин жасалады. Мақта Eуропада ғана өспейді. «Сат, пайда тап», деген осы.

Тары
«Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде» жаугершілік заманда бір рулы ел осы тарының арқасында малын да, жанын да аман алып қалыпты. Қастасқан жау таяп қалады. Ру басы ақсақал көш арбаларына күзде орылған тек тары мен соның сабанын арттырып, кіретін бір ғана қысаң аузы бар құз қоршаған үлкен сайға малын да, жанын да кіргізіп алады. Садақшы қазақ сарбаздары жауды жолатпайды. Амалы құрыған жау қыс бойы сайдың аузында бас бағып, «малы қырылады, өздері аштан өледі» деп жатады. Ақырында өздері аштан қырыла жаздайды. Сонда адамына қорек, малына азық болған осы тары.
Ақтөбелік Шығанақ Берсиев атамыз кеңес дәуірінде тарының әр гектарынан 201 центнер өнім алған. Бүгінге дейін бұл рекордқа әлемде ешкім маңайлай алмай жүр екен. Ақталған ақ тарының сөгіне, талқанына не жетсін!
Жасымық
Бір аңызда грузин «оспи», әзірбайжан «мардха», татар «чечеби», чуваш «ясмак», молдаван «липту» із­деп шығыпты. Бесеуі бірінің тілін бірі ұға қоймапты. Содан бұларға көп тіл білетін ғұлама жолығып, іздеп жүргендерің «жасымық» (чечевица) деген екен. Осылардың ішінде түркі тілдес татар мен чуваштың тілінде ғана өсімдік аты бүгінге жетіп отыр.
Геродоттың жазып кеткеніне қарағанда құрғақшылық жылдары ежелгі египеттіктер жасымық пен арпа ұнынан нан пісіріп жан сақтапты. Бүгінде Францияда осы өсімдік ұнын конфеттер мен шоколадтарға қосса, немістер шұжық жасауға пайдаланады.

(Биология ғылымының кандидаты Қ.Сыбанбековтың «Өсімдіктер сын шертеді» кітабы («Қайнар» баспасы, 1982 ж. Алматы) пайдаланылды.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 204
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px