Білгенге маржан - Таным - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Миллион

"Миллион" сөзін әйгілі Марко Поло ойлап тапқан. Италияның «милле» сөзі мың деген мағына береді. Шығыстың, оның ішінде Шыңғысханның иелігіндегі ұлан-байтақ аймақтағы байлықтың санына жете алмаған саяхатшы көп мыңды бір цифрмен бедерлеу үшін «милли» сөзіне «оне» сөзін қоса салған. Бұл енді математика ілімінде бірден басталып, миллион, биллион, триллиондарға жалғасатын «шексіздік». Есепке жүйрік қазақ үшін «санжетпес»!

 

Асфальт

Көшеге асфальт төсеуді сонау «ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде» көне Вавилонда бастапты. Кейін ұмытылған. Еуропа көшелері мен жолдарына шақпақ тас төсеген. Тек 1712 жылы ғана Швейцария құрылысқа пайдаланып, кейін 1922 жылы жолға төсей бастаған. Тарихы жүз жылға жуықтап қалыпты. Біздегі асфальт төсеушілерді Вавилонға жіберу керек сияқты. Жолдары жыл өтпей шұрық-тесік болады да жатады. Жолшыларымыз бүгінге дейін жеткен Вавилондағы жолға төселген асфальт құрамын зерттеп қайтса, сапасы жақсара ма деген шымшымамыз ғой.

Доп

Эгей теңізіндегі Самофракия ар­алында амер­ик­андық экспедиция былғары доптың моделіндей қыш шар тапқан. Жәдігер біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ ғасырдікі. Яғни, футбол добының тарихы 2357 жыл.

Маржан терген

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 705
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px