Білгенге – маржан - Таным - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Білгенге – маржан

Су

Су да – химиялық элемент. Мамандардың айтуынша, судың 1,7 пайызы қатты күйінде, яғни, мұз тәріздес болып кездеседі. Егер, адам ағзасына 2 пайыз су жетіспейтін болса, ондай жағдайда адамның ойлау мен жұмыс істеу қабілеті 20 пайызға төмендейді. Жер шарындағы судың 3 пайызы ғана тұщы – ал, қалған 97 пайызы – ащы су.

Мына бір деректерге де назар салыңыз. Қызанақтың – 90%-ы, қарбыздың 92%-ы судан тұрады. Бір келі кофе өндіру үшін 22 мың литр су қажет.

 

Мыс

Ұялы байланыс құралдарын жасау үшін мыстан бастап алтын мен күміске дейінгі шикізаттың көп қоры қажет.

Шетелдік мамандардың айтуынша, ұялы телефондардың бір тоннасынан 280 грамм алтын, 140 граммнан платина мен палладий және 140 келі мыс алуға болады.

Яғни, ұялы телефонды жасау үшін мыс көп пайдаланылады. Мыстың ұялы телефондағы орташа мөлшері – 8,5 грамм. Кей жағдайларда 15 грамға дейін жетеді.

 

Гелий

Алдымен – Күннен, кейін Жерден табылған химиялық элемент бар. Ол – гелий. Астрономдар бұл элементті Күннен 1868 жылы күн сәулесінің тұтылуын зерттеу барысында тапқан. Ал, Жерде химиктер гелийді 1895 жылы ашты.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2342
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px