Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

Ғимарат қабырғалары ғибратқа толса...

Лейден (Голландия) қаласының көп қабатты зәулім үйлерінің қабырғаларында поэзия құдіреті мен мұндалап тұр... Күміс ғасыр поэзиясының өкілі, орыстың ұлы ақыны Александр Блок, одан әрі Марина Цветаеваның өлеңдері қабырғаға дестеленген. Ағылшын әдебиетінің трагедия шебері Уильям Шекспирдің сонеттері де осы жерден табылады. Бұл – Голландия халқының өнерге деген құштарлығы мен ішкі өресін танытады. Оқта-текте оқыған бала биікке ұмтылардай әсерге бөленеді.

Біздің қалалардың еш жерінен бұндай үлгі алар үрдісті көрмейсіз. Биік ғимараттардың қабырғалары жарнама тақтасындай айғыз-айғыз. Бұл ненің көрінісі? Біздің елдің рухани өресі осыншалық төмен бе, әлде, ұлттық сана қалыптастырудағы енжар пиғылымыздан ба? Әйтеуір, әлем-жәлем шет тілде жазылған жарнамалардан арыла алмай келеміз. Ондағы суреттер жастар санасында қандай түсінік қалыптастыратынын ойламайтын сияқтымыз...

Мысалы, Алматыдағы Қасым Аманжолов тұрған Виноградов көшесіндегі үйдің қабырғасына дауылпаз ақынның ұлы туындыларын неге ілмеске? Ал, Мұқағали тұрған Фурманов көшесіндегі үй ше? Ескерткіш-тақтасы бар делік. Бірақ, ақынды мәңгілік ғұмырға апарар өз туындысы емес пе? Ақындар ғана емес, жазушылардың қанатты сөздері, академик, суретші, барлық өнер тұлғаларының ұлттық туындылары биіктен мен мұндалап тұрса, асқақтамасақ, төмендемейміз.

Біздің бар ойымыз – жас жеткіншек арзан жарнама емес, қазақтың руханиятын, құнды жәдігерлерін көріп-біліп, сезініп өссе деген ой.


Ерболат ҚУАТБЕК.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 754
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px