Меймандос пейіл айғағы - Таным - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Меймандос пейіл айғағы
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»
Өздері ертеден қалыптастырған өнегелі дәстүрлерінен айнымаған облыстық ауыр атлетика федерациясының басшылығы Наурыз мейрамы күндері Қарағанды, Теміртау қалалары мен Осакаров ауданындағы балалар үйлерінің тұрғындарын меймандос пейілмен қонаққа шақырды.

Ұйымдастырушы тарап бұл жолы тағдыр тауқыметін тартқан 300-ден аса баланы көрікті көктемдегі табиғаттың түлеп, жан-дүниенің жаңғыру мерекесімен құттықтау үшін ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы, 2013 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Евгений Евстафьевті арнайы шақырды.
Мәз-мейрам күйге енген балалар мерекелік бағдарлама аясында ұлттық ойындар ойнап, түрлі конкурстарға қатысты. Чемпионмен бірге естелік суретке түсті. Бәсекелі байқаулар мен тартымды ойындар қорытындысынан кейін кішкентай қонақтар ұлттық тағамдарға толы дастарқаннан дәм татты.
Федерация басшылығының бастамасымен Наурыз мейрамына орай, әр жыл сайын өткізілетін дәстүрлі мерекелік басқосулар жас буынның спортпен шұғылдануына ден қойып, салауатты өмір салтын ұстануларына септігін тигізері сөзсіз.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.  

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 297
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px