Құрбандық шалды - Таным - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Құрбандық шалды
Сағыныш ӘБІЛОВА,
«Орталық Қазақстан»

Амал күнін Қарқаралы ауданының халқы зор қуанышпен атап өтті. Аудан әкімі Х.Мақсұтов бастаған азаматтар Құнанбай қажы мешітіне барып, құрбандық шалды. Наиб имам Расул Акошев құран-дұға бағыштады. Аудан басшысы Көрісу күнінің мән-мағынасына тоқталып, мейірімділік пен кешірімділіктің, жақсы тілектер тоғысатын күннің маңызы зор екендігін айтты.
Сонымен қатар, осы күнгі ізгі шаралар ауданға қарасты барлық елді мекендерде жүзеге асты. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, аудандағы аз қамтылған 104 отбасына құрбандыққа шалынған мал еті бөлініп берілді.
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 271
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px