Сөйлейтін гүлдер - Таным - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Сөйлейтін гүлдер
Әйел адамды құлпырған гүлге теңейміз. Гүл – нәзіктіктің, сүйіспеншіліктің белгісі. Сондықтан, сұлулық иелеріне өз мерекесінде жиірек гүл сыйлаған жарасады. Гүлді сыйлаудың өзінің бірнеше этикасы бар. Мысалға, қызыл түс – махаббаттың, жасыл мен көк түс – сенімнің, ақ түс – адалдықтың, қоңыр түс – қауіптің, сары түс – абзалдықтың көрінісін береді.
Қазір кімде-кім болмасын, өзгенікіне ұқсамайтын, ерекше сыйлық жасағысы келеді. Не сыйлауға болады? Осы төңіректе біраз ойланған едік. Гүл сыйлау – өз мәнісін жоғалтпайтындықтан, біз оған басқа ерекшелік қосқымыз келді. Түстер адамның кіршіксіз ойларынан хабар беріп тұрғанымен, оған қосып көп сөздер айтқысы келеді. Біреулер жай ғана гүл сыйлап, айтамын деген сөзін іште құлыптап, сол беті кетсе, біреулер жанына «хат» жазып ұсынады.
Осы тұста, қазір сізге «Сөйлейтін гүлдер» көмектеседі. Яғни, айтар ойыңызды, бір шумақ өлеңіңізді қалаған  гүліңіздің қауы­зына өрнектеуге болады. Ата-ба­бамыздан келе жатқан «Ұйқы-  ашар», «Селтеткізер» деген дәстүр бар. Қыздар жігіттерге «кестелі орамал» сыйлайтын болса, ендігі ұлдарымыз қыздарға «кестелі гүл» сыйлауына болады. Дәстүріміздің заманауи үлгісі – наурыз айына таптырмас сыйлық. Жазу арнайы гүлге арналған фломастер ар­­қылы жазылады, және дайын жабыстырмалар да бар. Осы заттарға тапсырыс беріп, Қарағанды қаласында тәжірбие жасап көрген болатынбыз. Тұтынушылар жақсы қабылдады. Гүл саны мен жазуында шектеу жоқ. Жазуы суға өшпейді. Бағасы гүлдің саны мен түріне байланысты. Әркім көкейінде көгендеулі жатқан ойын бір ауыз сөз, бірнеше гүлмен жеткізе біледі. Адам баласы сұлулықты, ерекшелікті жақсы көреді. Сондықтан,  «сөйлейтін гүлдерге» қызықпай кеткен адам – кемде-кем. Әсіресе, 8 наурыз мерекесіне тапсырыстар көп. Бірімізді-біріміз таңқалдырып, тосын сый жасаудан жалықпайық!

Керім АЯНҚЫЗЫ.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 241
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px