Сарбаз сәлемі - Таным - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Сарбаз сәлемі
(Айтыс өнерінің «Дәри-дайы» – әкем Мұқаш СЕЙТҚАЗИНОВТЫҢ мерейтойына)

Ал, Әкетай, құтты болсын 60-ың,
60-ыңа не сыйлады айтысың?
Тұғырыңды белгіледің өлеңмен,
Ғұмырыңның тарту етіп жартысын!

Сәуір айы арайланып атқанда,
Сапар шегем сағым болған шақтарға.
«Дәри-дайлап» дүбірлеттің доданы
Мен өмірге енді келіп жатқанда.

Өнер сенің берілген ғой бағыңа,
Халқың әлі іздейді, рас, сағына.
Аламанға шығарып сап ауыл боп,
Анам әркез қарайлайтын жолыңа.

Кенже балаң еліктейді саған көп,
«Әйтеу, бір күн жұлдыздарша жанам»
                                                           деп.
Алматыға шақырса да бармадың,
«Шаңыраққа ие болып қалам» деп.

Қайран күндер қалса-дағы қай маңда,
Атағың бар жетелейтін арманға.
Жезқазғанда асаба жоқ сендей дүр,
Менен де ертең озбайды ешкім
                                                тойларда.

Ел алдына шығып жүрсің сирек тым,
Құны қымбат боп кетті ме билеттің?
Жырларыңа арқау қылып шындықты
Ұлдарыңа иілмеуді үйреттің.

Әскердемін, бұйырмады той маған,
Жарқын көңіл мұңаймасын жайнаған.
«Домбырама тіл шығады» деуші едің,
Сол домбыраң мен шығармын
                                                  сайраған.

Мұқағали СЕЙТҚАЗЫ,
ҚР Қарулы күштерінің
 қатардағы жауынгері.

  АЛМАТЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 191
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px