Тәрбие – тал бесіктен - Таным - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Тәрбие – тал бесіктен
Кішкентай бүлдіршіндерді  ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен ұстанымдарын, наным-сенімдерін бойларына сіңіріп, болашақта өз елінің нағыз патриоты етіп тәрбиелейтін бірден-бір құрал – мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері ұйымдастырған шаралар.   


 Қарағанды қаласының №139 «Ақбөпе» балабақшасының ұжымы биылғы наурыз айындағы мерекелерді жоғары деңгейде өткізді. Іс-шарада мекеме директоры Айнұр Нығызбаева кішкентай бөбектерді мерекемен құттықтады. Кеш ән-би, өлең-тақпақтарымен жалғасып,  ертегі кейіпкерлері тосынсый жасады. Аңыздардың кейпіне енген Қыдыр ата ақыл-кеңесін, ертегісін айтып берді. Бар тәттісін тосатын  ата мен әже, Наурыз мерекесінің нышаны болып саналатын Қызғалдақ, Наурызгүл балалармен түрлі ойындар өткізді. Әр мерекенің осындай мазмұнды, қызықты, әсерлі өтуін ұйымдастырып жүретін мекеменің әуен-саз жетекшісі Валентина Орехова, әдіскер Манат Әбілдаеваның еңбегін атап өткен жөн.

            Индира ОРАЗБЕКОВА,
 «Ақбөпе» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы. 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 137
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px