Таңшолпандай жарқырады - Таным - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Таңшолпандай жарқырады
Кеншілер мәдениет сарайында мүмкіндігі шектеулі бүлдіршін балалардың арасында өткен «Таңшолпан» дәстүрлі өнер фестивалін тамашалады.

Бұл фестиваль қаламызда биыл бесінші рет атап өтіліп отыр. «Нұр Отан» партиясының, ішкі саясат бөлімінің және мәдениет сарайының қолдауымен өткен бұл шараны жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерін, шығармашылық қабілетін бағалаған қазылар олардың талантын танып, әні мен биіне тамсанды.
Мүмкіндігі шектеулі балалар сахнаның көркін шешендік өнерімен, вокалдық шығармашылығымен, бишілік және көркем шығармашылық өнерлерімен қыздырып,  залда отырғандардың делебесін қоздырды. Евгений Галета, Полина Тараханова, Александр Филатов, Алексей Зайцев және Юлия Киянцева, тағы басқалары өздерінің патриоттық ән-жырларын тарту етіп, көрермен достарының қошеметіне бөленді.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап концерттік бағдарлама тарту етілді. Долинка, Новодолинский және Шахан кенттерінің  жас волонтерлары ән-билерімен мүмкіндгі шектеулі балалардың көңілін шат етті. Өз кезегінде қызықты ойындар да ойналды.   
Өз өнерлерін көрсеткен бір топ мүмкіндігі шектеулі балаларға Алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедек балалардың жазғы маусымда шипажайларға барып, ем қабылдап, демалулары үшін тегін жолдамалары да берілген. Осы күні қаламыздағы жеке кәсіпкерлер Ерлан Керімқұлов, Ермек Серіков, Дарья Саимканова және өзге де жомарт азаматтардың демеушілігінде «Юность» мейрамханасында балаларға арнап дастарқан жайылды.  

А.ТҰРЖАНОВ.

ШАХТИНСК қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 323
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px