Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

Туыстарды табыстырған мақала

«Орталық Қазақстан» газетінің 7 ақпан күнгі санында «Париж-Қарқаралы: ізденіс іздері» атты мақалам жарық көрген еді. Онда мен алыс Франциядан Қарқаралыға ата-бабаларының тарихын зерттеп келген 28 жасар Станисловас Томас туралы жазған едім. Станисловас Қарқаралы ауданында тұратын әжесінің жақындары болса хабарласуларын сұраған еді. Нақты айтқанда, Әйтімбет руынан тараған Шегір атаның ұрпақтарын іздеді. Содан таяуда үйге Алматы қаласынан телефон шалған Майя есімді апай: «Мен мақалаңызды оқыдым. Мақалада жазылған Аманбай Шегіровтің ұрпағы боламын...» деп қуантты. Майя апай көп әңгімелер айтып берді. Сонымен қоса, ол кісі маған Семей қаласында 85 жастағы Шегір атаның немересі София апай тұратынын айтты. Семей қаласына телефон шалып София апаймен де сөйлестім. Апайдың да қолына мақала тиіп, оқып, қуанып жатыр екен.

Мен 1927 жылы Қарқаралы өңірінде тудым. Шегір атаның Жаманбай деген ұлынан туамын. Шегір атаның Ыбырай есімді ұлының бір ұрпағы сонау Түркіменстанда тұрады. Жазда Станисловас екеуіңді Семейге қонаққа шақырамыз. Біздің аталарымызды ұмытпай еске алып, газетке жазғаныңа үлкен алғысымды айтамын...

Таяуда Шегір атаның Алматы, Семей­де тұратын ұрпақтары көптеген ескі фото­суреттер мен деректер салып жіберді. Келешекте ол материалдарды газет бетіне жарияламақшымын.

Ерлан МҰСТАФИН,

Қарқаралы қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 719
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px