Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Тарих

Материалдар категориясында: 238
Көрсетілген материалдар: 1-10
Беттер: 1 2 3 ... 23 24 »

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
25.07.2016

Зеңгір көкке көз салып көп отырдым. Қараған сайын әуе кеңістігінде сайран салған қазақ батырлары есіме түсіп, ойым еселене берді. Жаны намыстан жаралған жандардың жанкешті ерліктері, қазақтың қайсар баласының ғарышты бағындыруы бәрі-бәрі көңілімді көлдей толқытты. Қазақ болып мына жарық жалғанның есігін ашқаным үшін Аллаға да сан шүкіршілік айтып күбірледім.

 пікірлер: 0
 оқылған: 15658
25.07.2016

... Сынақшы-ұшқыш әдетте ұшақтың әр тетігін өз дене мүшелеріндей айқын сезінуге тиіс. Онсыз қай жерінде кінәрат барын анықтау мүмкін емес қой. Кейде, тіпті, қан тамырлары ұшақтың мың сан түйіршіктерімен жалғасып, бүлкілдеп бірге соғып жатқанға ұқсайды. Өзі меншіктеп алып, баптап жүрген әлгі ұшаққа қалай бауыр басып кеткенін білмей де қалады. Әйтсе де, темірдің аты темір, кейде әлі жетілмеген бір тетігі басқаруға көнбей түпсіз тұңғиыққа қарай сыңғытып ала жөнелетін тәрізді. Көзіне қан құйылған қыран жерге тіп-тіке шаншылып, өзін-өзі тасқа осылай ұрмаушы ма еді?

 пікірлер: 0
 оқылған: 15322
25.07.2016

Бұрыннан ағалы-інідей аралас-құралас болып келе жатқан Тоқтар Әубәкіров көкеммен Павлодардың «Мойылды» шипажайында кездесем, бірге демалам деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Кездейсоқтық па, жоқ әлде бір тылсым күш бізді әдейі жолықтырып тұр ма, біле алмадым. Әйтеуір, жақсылыққа жорыдым. Әншейінде бір-екі сағатын әзер бөлетін Батыр ағатайым тура бір апта қолыма еркін тиді. Велосипедпен серуендедік, шар көздеп атып, бильярд ойнадық. Осы шипажайда Қазақстанның түкпір-түкпірінен демалуға келген халық қоғадай жапырылды. Батыр бауырларының қолын алып, сәлемдескендеріне мәз. Қазағы бар, орысы бар, басқа ұлт өкілдері бар ғарышкер жерлестерін болмай қолқалап, ашық аспан астында жақын тұрып, жамырай сұрақтың астына алды. Тоқтар ағатайым өзіне ғана тән әскери мінезбен жауаптарын нақпа-нақ, қысқа да нұсқа, төтеден турасын айтып, елін разы етті. Соңына қарай жауабы әрі оңай, әрі қиын сауал көлденеңнен қойылды.

 пікірлер: 0
 оқылған: 13491
25.07.2016

Құс жолындағы Құдірет

Осыдан тура 25 жыл бұрын мұқым Алаш жұртының назары Құс жолына ауған. Алаштың аманаты Аллаға жеткелі тұр! Ол аманатта қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы мен мұң-шері бар еді. Иә, Азаттық – Алаштың арманы! Сол аяулы арманды құндақтаған аманатты көктегі Тәңірге тұңғыш жеткізген – қазақтың һас батыры Тоқтар Әубәкіров!

 пікірлер: 0
 оқылған: 7447
21.07.2016

Мен ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабек­ұлын 1990 жылдан бастап білемін. Ол осы жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын бітіріп, Қазақ ССР Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтына кіші ғылыми қызметкер болып орналасты. Өте сезімтал, алғыр, адамның айтайын деген ойын қас-қабағынан түсінетін кішіпейіл жігіт екен. Оның да себебі болуы керек, бәрі де ата-анасынан, отбасынан. Әкесі – Қамзабек кезінде Әлімхан Ермековтен дәріс тыңдаған екен. Анасы Үрзада балаларын өте тәрбиелі, еңбекқор, әдепті қылып өсірген.

 пікірлер: 0
 оқылған: 7009
18.07.2016

ҚР Тәуелсіздігінің 15 жылдығында, яғни 2006 жылдың 12 желтоқсанында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің бас ғимаратының кіре берісінде Академик Евней Бөкетовке арналған ескерткіш ашылды.

 

 пікірлер: 0
 оқылған: 6737
11.07.2016

Жетпісінші жылдардың басында Қарағандыға келіп студент атандық. Кеудемізде жел бар. Шетімізден шәйірміз. Сол тұстағы Одақта мінбер ақындар дегендер шықты. Солардың айдарынан жел есіп тұрды. Біздер де соларға еліктейміз. Биіктік көрсек соған шығып өлең оқығымыз келеді. Екіленіп. Қолымызды сермеп...

 пікірлер: 0
 оқылған: 1081
30.06.2016

Ақтоғай ауданының Қусақ ауылдық округінің Береке елді мекенінің құрылғанына биыл 80 жыл толады. Мақаламызда осы ауылдың өркендеуі жолында аянбай еңбек еткен Төлеген ұрпақтары туралы сөз етпекпіз.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1035
25.06.2016

Біз соғысты көрмеген ұрпақпыз. Бейбітшілік туы желбіреген егеменді елде өмір сүріп жатырмыз. Алайда, соғыстың халыққа қасірет, қайғы әкелетінін жақсы түсінеміз. Соғыс ардагерлерімен болған кездесулерде қатты тебіренеміз, олардың ерлігіне бас иеміз. Соғыста теңдесі жоқ ерлік көрсетіп, қанқұйлы жауды ойсырата жеңді. Олардың әрқайсысы батыр деп атауға лайықты.

 пікірлер: 0
 оқылған: 899
23.06.2016

1907 жылғы 2 июньде Екінші Дума жабылды. Оның біраз депутаттары далада қалғандай болды. Орта Азиядан сайлаған бір топ депутаттар қайыра сайланбай қалды. Оның ішінде Әлихан Бөкейханов та бар еді. Содан қолдан келер ештене жоқ, елге қайтқан болатын ол.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1067

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1170
count 88x31px