Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Тарих

Материалдар категориясында: 238
Көрсетілген материалдар: 11-20
Беттер: « 1 2 3 4 ... 23 24 »

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
23.06.2016

Алаш ұранды қазақ ұлтының тәуелсіздік жолындағы талайлы тағдырында Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілістің алатын орны ерекше. Отандық тарихшыларды айтпағанда Алаш азаттығы жолында күллі қазақ даласын шарпыған көтеріліске кезінде азуын айға білеген орыс ғалымдарының өзі шұқшиып, мән бергенін білеміз. Ендеше, қолымыздағы осынау тарихи кітапты қазақ тарихының қомақты бір тарауы деп біліңіз.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1190
09.06.2016

«Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап алғыс алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс-лағынет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс», – деп айтқан едіңіз осы ширек ғасыр бұрын. Алғыс алдыңыз, Әлихан баба! Есіміңіз өзіңіз жаныңыздай сүйген Алаш елінің тарихында алтын әріппен жазылып қалды... Ұрпақтарыңыз сіздің жүріп өткен әрбір жолыңызды зерделеп санасына құюда. Сіздің туған халқыңызға жасаған қызметіңізге, рухыңыздың биіктігіне, асқақтығына ұрпақтарыңыз, халқыңыз дән риза.

 пікірлер: 0
 оқылған: 618
09.06.2016

Қазақ ұлтындай қайғы-қасірет шеккен халық жоқ шығар жер бетінде. Тіршілігін төрт түлік малмен айырған қазақ халқының 1928 жылы ұжымдастырып, артынан ұлы кәмпескеге ұластырып, тәркілеп, малдарын сыпырып алып, қолдан аштық жасады.

 пікірлер: 0
 оқылған: 679
09.06.2016

Тағдыры Ұлы Жеңістің 30 жылдығын ғана көрумен аяқталған Құрыш Біргебайұлы 1916 жылы мамыр айында Нұра бойының Кертінді деген жерінде дүниеге келген. Әкесі Біргебай Ақмола мен Нұра ортасында сауда-саттықпен айналысқан көпес болатын, ол кісі 45 жасқа жетпестен дүниеден озады. Әкесінің жан-жағына, ағайын-туысқанға қарайлас болуы, адам баласына қиянат жасамауы 1929 жылғы кәмпескеден аман өтулеріне септігін тигізді. «Бай баласысың» деп ешкім көзге шұқымады. Ал, анасы Мәкен қарапайым отбасындағы адам еді.

 пікірлер: 0
 оқылған: 562
07.06.2016

Жуырда Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар ӘУБӘКІРОВТІҢ 70 жылдық мерейтойына және хакім Ақжан әл-Машанидің 110 жылдығына орай Қарқаралы аудандық мемлекеттік мұрағатының бастамашылығымен О.Жәутіков атындағы №1 қазақ орта мектебінің оқушылары «мамандық таңдау» пәні бойынша мұрағатта болып қайтты.

 пікірлер: 0
 оқылған: 513
31.05.2016

Құрметті

Қарағанды облысының тұрғындары!

 пікірлер: 0
 оқылған: 595
31.05.2016

Жезқазған қаласында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Іс-шара өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы нәубет жылдардың зобалаңынан сыр шертетін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналды. Бұл туралы облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

 пікірлер: 0
 оқылған: 691
31.05.2016

Ресми дерек бойынша, саяси қуғын-сүргін жылдары елімізде 103 мың адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылған.

 пікірлер: 0
 оқылған: 566
31.05.2016

Бостандық! Оны кім сұраса, соған берілмейді. Ол – күрес бұрқасынында, жан төзгісіз азаптарда дүниеге келген халық перзенті. Ол – қанмен жуылған, онда мылтық дәрісі, түтінінің иісі бар...

 пікірлер: 0
 оқылған: 657
28.04.2016

Итальяндық философ Джованни ВИКО (XVII-XVIII ғғ.) «Әр халықтың  тарихында  үш кезең – құдайлар кезеңі, геройлар-батырлар кезеңі және адамдық кезең бар» дегені белгілі.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1540

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1227
count 88x31px