Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар » Тарих

Материалдар категориясында: 238
Көрсетілген материалдар: 221-230
Беттер: « 1 2 ... 21 22 23 24 »

Дұрыстау: Күнге қарай · Тақырыпқа сай · Рейтингқа сай · Пікірлерге сай · Оқылғанға сай
02.06.2012
Жазықсыз жапа шеккендерді, солақай саясаттың құр­бандарын еске алуға арналған жиын Қарағанды қаласында да өтті. Қаланың Михайловка атанған ауданында саяси қуғын-сүргін құрбандарына қойылған мемориал маңына қарақұрым халық жиналып, бір минут үнсіздік жарияланды. Марқұмдардың басына азагүлі қойылды.
 пікірлер: 0
 оқылған: 641
31.05.2012
Құрметті облыс тұрғындары!
Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жар­лығына сәйкес біз 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және биыл 80 жыл толып отырған ашаршылық күнін атап өтеміз.
 пікірлер: 0
 оқылған: 969
31.05.2012

«Біздің халық небір зұлматты бастан ке­шірді. Мен биыл ашаршылық­тың 80 жыл­дығын атап өту туралы тапсырма бердім. Аштықтан 1929 –1933 жылдары 40%-ға жуық қазақ қырылған. Бұл нәубет болмаса біздің санымыз шамамен 45-50 миллион адам болар еді».


Н.Назарбаев.

 пікірлер: 0
 оқылған: 1326
31.05.2012
Хабиба Елебекова апайды оқырмандарға таныстырып жату  артық болар. Жүсекеңнің, Жүсіпбек Еле­бековтің жары, М.Әуезовтей, С.Мұқановтай, Ғ.Мүсіреповтей, Қ.Қуанышбаевтай қазақтың аймаңдай ардақ­тыларының көзін көрген, сөзін естіген абыз әжеміз ғой. Ғасырлық ғұмырында (95 жаста) зердесіне қылау түс­пеген апайдың Алматыдағы үйінде болдым. Қолынан дәм таттым. Кіндік қаны тамған Қарағандысына, Қарқаралысына Темірші еліне сәлемін әкелдім. Қолыма бейнетаспасын ұстатты. Көрдім. Қаллеки ағасындай өзі – бір театр. Драматург те, режиссер де, актер де – өзі. Сол  бейнетаспадан жазылып алынған Хабиба апай­дың монологын ықшамдап ұсынып отырмыз. Өз қалауы бойынша қалам тигізген жоқпыз. Негізі баспа жү­зінен гөрі өз даусын, өз мақамын, Мағжанды жатқа оқыған сәттегі шабытты кезін теледидардан көру, есту, ұғыну, ойлану бір ғанибет.
 пікірлер: 0
 оқылған: 973
31.05.2012

Сталиндік

репрессияны

жоққа шығару – тарихқа қиянат

 пікірлер: 0
 оқылған: 1949
31.05.2012
«Ғасыр қасіреті» атанған саяси қу­ғын-сүргін жылдарында жазықсыз жа­ла құрбаны болып, тағдыры тауқы­метке тап келгендер аз ба?! Қаншама ша­ңырақ ортасына түсті. Жүздеген тағ­дыр айдалды. Мыңдаған боздақ оқ­қа ұшты. Нақақ жаланың құрбаны болған тағылымды тағдыр иесінің бірі – жерлесіміз, Жаңаарқа ауданының тумасы Балғынбек Әлібекұлы Назартегі. Ақындығымен ел аузына ілігіп, ескіше сауатымен ел басқарып жүрген аза­маттың талайлы тағдырының соңғы жыл­дары Қиыр Шығыста, айдауда өткені ғана мәлім. Қалай қаза тапқаны, қайда жерленгені жұмбақ. Есіл ер Жамбыл об­лысы, Сарысу ауданында тұт­қындалып айдалған. Содан ке­йін сонау Қиыр Шығыстан ел­ге жолдаған сәлемі ғана қалған сақталып. Жетпіс жыл­дан астам уақыт інісі Сейіт­мұраттың үйінде, сандық тү­бінде жатқан сағынышқа толы сарғайған хатты ре­дакциямызға ақтаңдақ құрбанының ұрпағы, Ауған соғысының ар­дагері Оралбай На­заров тапсырды. Орал­байдың ай­туынша, Сейіт­мұрат марқұм да айдаудағы ағасына хат жазған. Алайда, жолдауға қорқып, жауап хат та сандық түбінде қалып қойған. Сол ақтаңдақ жылдар қасіретінен сыр шертетін ағайындылардың хатын қаз-қалпында жариялағанды жөн көрдік. Балғынбектің хаты 1938 жылы Қиыр Шығыстан жолданған.
 пікірлер: 0
 оқылған: 589
31.05.2012
Қарағанды – Алматы тас жолымен зыр­лап келеміз. Межелі уақыттан ке­шікпей Ақсу-аюлы кентінде тұратын Кәмел Жүністегі ағамызға жетуіміз керек. Кешіксек қандай «сый» күтіп тұрғанын ішіміз сезеді. Қалай тырыссақ та, тар жолда еркін көсіле алмадық. Ұялы те­лефонға қоңырау шалып, Кәмекең зілді дауыспен «қайдасыңдар?» деп сұрап қояды. «Міне, кеп қалдық, аға!» дейміз ішіміз қылпылдап. Әйтеуір, кешігіңкіреп болса да, жеттік-ау. Бетіне тура қарауға әу дегенде жасқаныңқырап сәлем бер­дік. Бірер сөз айтып ренжіңкірегені бол­маса райынан тез қайтып, жадырай түсті. «Күшіктер осы ауылда ма?» деп сұрап едік, «Жоқ, бір 70 шақырым тағы жүреміз» деп жауап берді. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» деп жүріп кеттік.
 пікірлер: 0
 оқылған: 659
26.05.2012
«Мың өліп, мың тіріл­ген» халқымыздың Тәуелсіздік ат­ты киелі ұғымды түйсінгелі 20 жылдан асыпты. Сүйсінген, сүйінер іс жетерлік-ау. Алайда, бір әттеген-ай іс бар сияқты. Бұл – ХХ ғасыр зобалаңы-зұл­мат аштық жайлы әлі мемлекет та­рапынан бірыңғай баға беру мәселесі. Бәрі есте, 90-шы жыл­­дар басында 31 мамыр та­­ри­хи ақтаңдақтарға бай­ланысты қаралы күн, яки құрбандарды еске алу күні деп белгіленді. Кейін ол бірте-бір­те, 95 жылдардан былай қуғын-сүргін құрбандарын ес­ке алу күні болып белгіленді. Қазақ халқының үштен екісін жалмаған зұлмат жай күндер қатарында ескерусіз қалды.
 пікірлер: 1
 оқылған: 1128
08.05.2012
Бұл күнде өзі жоқ болғанымен артында өшпес із қалдырған талай ардагерлердің өмір сүргені аян. Солардың бірі Қалманбай Көшімбаев марқұм еді.
 пікірлер: 0
 оқылған: 868
08.05.2012

Ұлы Отан соғысының ардагері Жетпісбаев Ібіния 1908 жылы Абыралы ауданы Қайнар селосында дүниеге келген. Абыралы ауданында 1930 жылдан еңбекке араласады. 1931 жылы Қаржы халық комиссариаты жанындағы бухгалтерлік курсты бітіріп шығады. Аудандық қаржы бөлімінде қатардағы инспектордан бас бухгалтерге дейін көтеріледі.1941 жылы 33 жасында армия қатарына шақырылады. Үйінде екі баламен Қамария шешеміз қала береді. Жаттығудан өткен соң бірден сұрапыл майданға жіберіледі. Оқ пен оттың арасында жүріп, 1943 жылы мамыр айында Харьков түбіндегі қиян-кескі ұрыстарда қатты жараланады. Фашист минометінің жарықшағы сол қолының білегіне тиеді. Госпитальда быт-шыт болған ет пен сүйекті шынтақтан кесіп тастап, үйіне қайтарады. Аулында шолақ қол батыр атанған соғыс ардагері ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен қоса бірнеше медальмен наградталады. Қайнарға оралысымен мамандығы бойынша қаржы (финанс) бөлімінің, кейін 1955-70 жылдары Қарқаралыда аудандық қаржы бөлімінің бас есепшісі (бухгалтері) болып қызмет атқарады. Тоқсаныншы жылдары қайтыс болады. Соғыстың тәртібі ме, әлде әкеден алған тәрбие ме, бір уақыт тиыш отырмайды. Жалғыз қолымен малды да жайлайды, үйдің маңын да мұнтаздай етіп қояды, әйтеуір жүрген жері тазалық. Сол кісі туралы ел арасында неше түрлі күлдіргі әңгіме бар. Соның бір-екеуін назарларыңызға ұсынайын.
 пікірлер: 0
 оқылған: 711

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1239
count 88x31px