Ақтаңдақ жылдар – алқалы жиын өзегі - Тарих - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Форумның алғашқы күнінде Жезқазған қалалық Бизнес және көлік колледжінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім» кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен мүшелері, ҚХА өңірлердегі хатшылығының меңгерушілері, этно-мәдени бірлестік өкілдері, ғалым-тарихшылар және БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңес жұмысы басталмас бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің залы ашылды. Форум тақырыбына сай безендірілген залдың ашылу рәсімін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттар тобының жетекшісі С.Әб­ді­рахманов пен Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты С.Жумкина жүргізді.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л.Прокопенко қатысып, «Қоғамдық келісім» кеңестерінің ҚХА ХХІV сессиясы «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» мәтініндегі міндеттер туралы баяндама оқып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар аясында өтіп жатқан кеңейтілген отырыс­тың идеялар мен форумның мақсат-міндетінің жүзеге асуына үлкен септігін тигізерін айтты.

Одан кейін сөз алған мысты шаһар басшысы Б.Ахметов республиканың әр өңірінен және шет мемлекеттерден келген меймандарға алғысын білдірді. Нәубет жылдарда, аштықтан қырылған бейбіт халық пен мемлекеттің дамуы жолында жазықсыз «халық жауы» атанып, өлім жазасына кесілген саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінің маңызына тоқталды.

Алқалы жиынға ҚХА мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, академик, профессор, философия докторы Қ.Қазкенов, сонымен қатар, еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысып, азапталған азаматтарды, қасіретті күндерді еске алды.

Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысынан кейін форум делегаттары Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайында болып, С.Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театрында «Сәкеннің соңғы сәті» қойылымын тамашалады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 416
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px