Ақжалдан шыққан батыр ұл - Тарих - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Қамбар Мақашұлы (Мұхамедияр) 1901 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы, бұрынғы Қарабұлақ совхозының сол кездегі №10 ауылында дүниеге келген. Қамбар Мақашұлы 1941 жылдың қыркүйек айында әскерге шақырылып, ауылдастары Дәрімбай Исабеков, Өміржан Жаңбырбаев, оның баласы Әбдірахман, Жамантай Рақышев, Жамал Ермегияевпен бірге аттанады. Сол жақтан №33 атқыштар полкіне кіреді. Орлов, Мәскеу, Иркутск қалалары үшін болған ауыр ұрыстарға қатысады. Кейінде барлаушылар тобында болып, немістің штабына басып кіреді де бірнеше неміс жауынгерін қолға түсіріп, керекті мәліметтерді алады. Осы кезде орманға кіруге бұйрық беріледі. Шегініп үлгермей, жау жақтан көмек келіп қалып, ұрыс басталып кетеді. Ауыр ұрыста бірнеше жауынгерлерден айырылып, орманға кіріп үлгереді. 1943 жылы ақпан айында кезекті Орал қаласын азат ету үшін болған ұрыста Қамбар Мақашұлы ауыр жараланып, госпитальдан бір-ақ шықты. Снарядтың ұшқыны аяғына тиіп көп қан жоғалтады. Дәрігерлер аяғын кесу керек дегенді айтады. Содан I топтағы соғыс мүгедегі болып, 1943 жылдың қазан айында елге қайтарылады. Туған елге келген соң жоғары жақ оны Тоғызбұлақ колхозына есепші етіп жібереді. Одан бригадир, орталықтандырылған азық-түлік мекемесінің меңгерушісі болып 1961 жылға дейін жұмыс атқарады. Сол жылы Шет ауданы, Қарабұлақ совхозына бес отбасымен көшіп келеді. Ол кезде бұрынғы Карл Маркс, Ақшатау (қазіргі Жарылғап батыр ) ауылына қарасты Жамбыл бөлімшесі екен. Осы жерде де қарап отырмай жанар-жағармай құю станциясында меңгерушісі болып жұмысқа кірді.

Қамбар Мақашұлының Ұлы Отан соғысында алған ІІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Ерлігі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» және басқада медальдары күні бүгінге шейін ұрпақтарында сақтаулы. Өзіне берілген тиісті мүгедектік жеңілдігіне қарамай, кейінде ғана екі рет жеңіл автокөлік алған. Ол кісінің қайсарлығын, шыдамдылығын ауылдастары да білетін. Соғысқа қатысқан кездерін сұраған адамдарға: «Е, балам-ай, қайсы бірін айтайын, елді, жерді қорғау біздің азаматтық парызымыз емеспе?!» дейтін де қоятын.

Қамбар Мақашұлы 82 жасында, ал жұбайы Үміткер 94 жасында дүниеден озды. Ұлы Әділбек пен қызы Кеңесхан Алматыда тұрады. Үйлі-баранды. Ал, кенже ұлы Серік пен Светлана екеуі 4 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген кентіміздің ардақты ақсақалы мен ақжаулықты анасы.

«Орнында бар оңалар» дегендей ардагеріміздің артында қалған ұрпақтары өсіп-өнуде. Немерелері де әр салада жемісті еңбек етуде. Олар да аталарының ерлігін, қайсарлығын мақтан тұтады. Соғысқа қатысқан әрбір жауынгер құрметтеуге лайық.

Жаны мөлдір бұлақтай таза, ары одан да тұнық аяулы әжем Светлана Батыр ана атанса, қамқоршымыз, Алатаудай атам Серік кенттік ақсақалдар алқасы төрағасы, үлкен немерелері – Бекболсын, Айзада оқу бітіріп, жұмыс істесе, шөбересі Бағдат, Кәусәр, Құндыз – көз қуаныштары. Балалық көңілден осындай ата-апасы бар шөбересі болғанымды мақтан етемін.

 

 

Бибігүл МАҚАШЕВА.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 624
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px